» » Бүгін – халықаралық отбасы күні

Бүгін – халықаралық отбасы күні

15 мамыр – халықаралық отбасы күні. Атаулы дата 1993 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын атап өтіледі.

Бұл күнді белгілеу – отбасындағы көптеген проблемаларға елдегі қоғамның назарын аудара түсу мақсатын көздейді.
БҰҰ сарапшыларының пікірі бойынша, бір отбасындағы негізгі құқықтарға көз жұма қарау, ондай проблемаларды елемей, құқықты белден басу – тұтастай адамзаттық отбасына да қауіп төндіре түседі.
Бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай жүзеге асып отыр.
Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді.
Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы – әр елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.
Отбасы – өте қажет, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.
ҚазАқпарат
15 мамыр 2021 ж. 176 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930