» » Қызылордалық полицейлер «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін…» тақырыбында байқау ұйымдастырды

Қызылордалық полицейлер «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін…» тақырыбында байқау ұйымдастырды


Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі  Қызылорда облыстық ведомствоаралық штабының,  Қызылорда  ОПД  ЕҚҚІҚБ  іс-шаралар  жоспарларының  талаптарын  орындау  мақсатында  «Мен  саған  есірткі  жайлы  айтып  беремін…» тақырыбында  жалпы және орта арнаулы оқу  орындарының  оқушы, студенттері арасында  нашақорлыққа қарсы үндеу жасау байқауы  ұйымдастырылды.   

Сайыстың  негізгі  мақсаты – жасөспірімдер  арасында  есірткі  мәселесін  түсіндіру  денгейін  кеңітіп,  сайыскерлердің  жеке  ойын  білдіру  мүмкіндігін  айқындау.

Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңді Қызылорда қаласының және аудан орталықтарының білім бөлімдері ұйымдастырды, оның қорытындысы бойынша есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына сайыстың екінші кезеңіне қатысу үшін 36 үздік жұмыс жолданды.    
 
Байқауға қатысушылар видео үндеу әзірлеп, оны БАҚ пен ақпараттық порталдарда жариялады. Өз жұмыстарында нашақорлық мәселесі, оның төңірегінде туындайтын қиындықтар жайлы айтып, нашақорлықтан аулақ болу керектігі жайлыпікірлерімен бөлісті. Балалар өз ойларын ұсынуға шығармашылықпен қарады, әр түрлі ақпаратты қолданды, нашақорлық проблемасын жариялауда шеберлік танытты.         

Сайыстық комиссияның шешіміне сәйкес 15 қатысушы ынталық танытқаны үшін, 5-і жеңіске деген жігерлігі үшін,  ал 7-і аумақтық жеңімпаз деп танылды.

М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері Дидар Өмірзақ – 1 орын және Ұлықпан Жолдасов – 2 орын алды. 3 орынды Шиелі ауданы №40 орта мектебінің оқушысы Ерлан Бекмұратов иеленді. 

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етіледі.
14 ақпан 2022 ж. 167 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031