» » WhatsApp желісіне жаңа функция қосылады

WhatsApp желісіне жаңа функция қосылады

WhatsApp желісін құрастырушылар енді мессенджерде чаттан тыс дауыстық хабарламаларды тыңдау мүмкін болатынын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Көптен күткен мүмкіндік iOS смартфондарына арналған барлық WhatsApp қолданушылары үшін қолжетімді болмақ. Ол үшін қосымшаны 22.4.75 нұсқасына дейін жаңарту қажет.

Басылымның мәліметінше, енді пайдаланушылар дауыстық хабарламалар мен аудио файлдарды мессенджер ішіндегі кез-келген терезеде тыңдай алады. Пайдаланушылар дауыстық хабарламаны тыңдай отырып басқа чаттарға ауыса алады. Яғни, дыбыстық файлды үзбей сөйлесе алады. 

Шағын-плеер экранның жоғарғы жағына бекітіледі. Ол арқылы аудио тыңдауды кідірте тұруға, жалғастыруға немесе аяқтауға болады. Бұл функция Telegram мессенджері ұсынатын мүмкіндікке толығымен ұқсас. 

Сонымен қатар, 22.4.75 нұсқасында тағы бір жаңалық пайда болды. Бұғатталған iPhone экранында хабарламалар келгенде профиль фотосуреттері көрініп тұрады. 

17 ақпан 2022 ж. 166 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930