» » Қызылордада былтыр 22 мыңнан астам қаңғыбас ит жойылды

Қызылордада былтыр 22 мыңнан астам қаңғыбас ит жойылды

Қызылордада өткен жылы қаңғыбас 22 369 ит пен 1 802 мысық ауланып жойылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қызылорда облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әнуарбек Дәрмағамбетов мәлімдеді.

«Өткен жылдың желтоқсан айында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңына қол қойылды. Оның ішінде ветеринария туралы заңының 10-бабының 1-тармақ, 4-9 тармақшасына және 11-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің жетінші абзацына өзгерістер енгізілді. Яғни, «қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою» деген сөздер «жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды» ұйымдастыру сөздерімен ауыстырылды. Осы ретте ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министірлігімен «жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру» үлгілік қағидалары әзірленуде», – дейді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әнуарбек Дәрмағамбетов.

Айта кетейік,аталған қағида аясында жергілікті өкілдік органның шешімі мен Қызылорда облысының елді-мекендерінде жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары бекітілетін болады. Сондықтан аулау жұмыстарын заң талаптарына сәйкес ұйымдастыру үшін қазіргі таңда қағиданы әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
18 ақпан 2022 ж. 248 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 027

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30