Берік отбасы-есірткіден алыс!
Әрбір бала балалық шағын бақытты өткізуге лайықты. Балалық шақ -өмір айдынының шағын бір бөлігі ғана. Өзі –тұнық, кәусәр әрі мөлдір. Осынау тап-таза дүниені лайламай ұстау – әр отбасының парызы. Ата-ананың ақылы мен үлгі-өнегесі, берген тәрбиесі –өмір мектебі. Яғни осы өмір мектебінің есігі отбасынан алған тәрбиемен ашылмақ. Ананың әлдиі мен әкенің ақылы болашақтағы арман-мұратқа жетелейді. Арманға апарар жолда берген тәрбие мен көрген өнеге шалыс баспай, жаман әдеттерден аулақ болудан сақтандырып отыратыны сөзсіз. «Жаста берген тәрбие жас шыбықты игендей» демекші, ерте жастан берілген дұрыс тәрбие баланың өмірде дұрыс азамат болып қалыптасуына өз септігін тигізеді деп ойлаймын.
Біздің отбасымздың бала тәрбиесінде өзіндік ұстанатын қағидалары бар. Ол- тәннің саулығы мен жанның байлығы. Әркез бала жанына спортты серік етіп, салауатты өмір салтын ұстануларына ықпал етемін. Қоғамдағы ауыр дерт-маскүнемдік пен нашақорлықтың торына шырмалмай, уына тұншықпай өсіп, сол «беймәлім әлемге» аяқ баспау жолында спорт мен өнерді насихаттаймын.
«Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ұлы Абай атамыз айтқандай балаларымыздың кітапты көп оқып, рухани бай адам болғанын қалаймыз. Балаларымыз да ата-анасының жан қалауын орындап, маскүнемдік пен есірткіге бой ұрмау үшін өсиет пен өнегеге толы көркем әдебиеттер мен түрлі басылымдарды көп оқиды. Есіртікінің азабы мен дәмін татып есіргендердің жан азабы мен өмір үшін күресін де осы оқыған дүниелері арқылы ұғып келеді.
Біздің отбасымыз есірткіден алыс өмір сүріп келеді. Балаларымыз бақытты болып өсіп келеді. Отбасының мейірімі, ата-анасының еркелетіп берген тәрбиесі мені көрсеткен түзу жолы оларды өмірде басқа арнаға түсірмесі анық. Балалардың ғажайып болашағы – өз қолымызда!

Көшеровтер отбасы