Денсаулыққа немқұрайлы қарамаған абзал

2022 жыл басынан есепке алынған ЖРВИ жағдайлардың 96,46 пайызын (490 жағдай) 14 жасқа дейінгі балалар құраса, оның 41,6 пайызы 1 жасқа дейінгі балалар үлесінде.
ЖРВИ әдеттежіті, күтпеген жерден басталады. Жұқтыру мен ауру арасында орташа алғанда шамамен 2 күн өтеді. Ауырар алдында адамды мыналар мазалау мүмкін: шаршау сезімі, әлсіздік, ашуланшақтық. Бұдан әрі бұл белгілер көбейеді, бас ауырады, қатты әлсіздік, бұлшық еттер сырқырайды, дене қызуы жоғарлауы мүмкін, терлегіш болады. Тұмау, тамақтың ауруы, жөтел пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда тыныс алу жолдарының зақымдануымен конъюнктивит-көздің зақымдану белгілері болуы мүмкін.
ЖРВИ немен қауіпті?
ЖРВИ емдеу әдетте дәрігердің бақылауымен үй жағдайында жүргізіледі. Пациентті ауруханаға тек аса ауыр жағдайда жібереді.
Науқас міндетті түрде төсек тартып жату режимін сақтап, барынша сұйықтық ішуі керек (жылы шай мен морс ішкені жақсы). Дене қызуы жоғары болғанда қызуды түсіретін дәрі-дәрмектерді,қажеттілігіне қарай тұмауға қарсы дәрілерді немесе жөтелге қарсы препараттарды қолдануы керек.
ЖРВИ кезінде тыныс алу гимнастикасы мен дәрумендер терапиясы жақсы әсер етеді. ЖРВИ кезінде антибиотиктер тиімді емес, сондықтан олар бактериялық инфекция немесе асқыну кезінде тек дәрігердің тағайындауымен қабылданады.
- Екпелік алдын алу;
- Дәрімен алдын алу (вирусқа қарсы дәрілер);
- Жеке және қоғамдық гигиена (ақпараттандыру жолымен) ережесін қадағалау.
Қауіп-қатердің ерекше тобы, яғни бөлек қарастыратындарды жүкті әйелдер, әсіресе екінші және үшінші триместрдегі жүкті әйелдер құрайды.
- Басқа адамдарға қауіп төндірмеу және қауіпті асқынуды болдырмау үшін үйде қалыңыз;
- Төсек тартып жату режимін қадағалаңыз;
- Мүмкіндігінше өзіңізді басқа отбасы мүшелерінен оқшаулаңыз;
- Аурудың бірінші белгілері кезінде дәрігерді шақырыңыз;
- Бір реттік қол орамалын қолданыңыз, қолданған соң бірден оны лақтырыңыз;
- Дәруменді сұйық сусындарды, сонымен қатар қызу басатын қасиеті бар мүкжижек, ит бүлдірген тұнбасын көп ішіңіз;
- Дәрігердің барлық тағайындамасын орындаңыз және препараттар қабылдаңыз, әсіресе вирусқа қарсы, қатаң кесте бойынша. Сіз жазылған сияқты болсаңыз да, препарат қабылдаудың толық курсын өтуіңіз қажет;
- Хал-жағдайыңыз нашарлап кеткен жағдайда дәрігерге уақытылы бару және қажетті ем алу үшін, өз хал-жағдайыңызды мұқият қадағалаңыз.
- Жеке бас гигиенасын сақтаңыз;
- Адамдар көп жиналған жерден аулақ болыңыз, барған жағдайда бір реттік бетперде пайдаланыңыз;
- Сұйықты көп ішіңіз, таза ауада көп жүріңіз;
- С дәрумені бар тағамдарды көбірек қолданыңыз;
- Халық емін қолданыңыз(пияз, сарымсақ);
- Денсаулықты нығайту үшін салауатты өмір салтын ұстау.
Г.ЖАЛҒАСОВА,
Жалағаш аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқарма бөлім басшысы