» » МЕДИАЦИЯ МАҚСАТЫ – БІТІМГЕРШІЛІК

МЕДИАЦИЯ МАҚСАТЫ – БІТІМГЕРШІЛІК

Ертеректе әділдік іздегендер билерге жүгініп, дауларына төрелік айтуын сұраған. Билер екі жақты тыңдаған соң үкімін айтып, бітімге келтірген. Бүгінде бұл қызмет әлемдік тәжірибеде «медиация» деген атауға ие. Медиация рәсімі халқымызда ежелден келе жатқан «бас жарылса – бөрік астында, қол сынса – жең ішінде» деген қағидамен алты Алашты ауыздарына қаратқан бітімгер билердің жұмыстарының бір саласы. Қазіргі таңда бітімгер билердің қызметін медиаторлар атқарады.



Медиация – Елбасының 2009-2011 жылдарға және 2010-2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын негізге ала отырып қызмет етеді. ҚР Президенті Н.Назарбаев 2011 жылдың 28 қаңтарында №401-ІҮ бұйрығымен Қазақстан Рес¬публикасының «Медиация туралы» Заңын енгізді.
Жалпы, медиация – тәуелсіз, бейтарап үшінші жақ болып табылады. Бітімгершілік жүргізіп, дау¬-шарды шешетін медиатордың кө¬мегімен дау-дамайларды, жанжалдарды шешуге, екі жақтың да талап-тілегін қанағаттандыруға бо¬лады. Бұл қызметтің тиімділігі мә¬селені ушықтырмай, сотқа жү¬гін¬¬бестен бұрын өзара келісім арқылы оң шешімін табу болып саналады.
Медиацияның соттан айыр¬ма¬шы¬лығы:
- Бір жақтың келісімінсіз сот процесі жүргізіледі, ал медиация процесі ерікті түрде жүреді;
- Сот тағайындалады, ал медиатор таңдалады;
- Шешім қатаң түрде заң аясында қабылданады, ал медиацияда тараптардың мүдделері есепке алынып, заң аясында шешім қабылданады;
- Билік өкілеттілігі бар, ал аталған қызметте билік жоқ, ол тек екі жақты қанағаттандыратын шешім қабылдауға жәрдем береді;
- Ұзақ әрі формальды процедура, жеделдетілген және формальды емес процедура;
- Жариялылығы, құпия түрде жұмыс жасайды;
- Екі жақтың бәсекелестігі, екі жақтың әріптестілігі.
Жоғары айтылған заң¬на¬ма¬ларды ескере отырып, Қы¬зы묬орда облысы «Медиаторлар одағы» қоғамдық бірлестігінің Жалағаш ау¬дандық филиалының кәсіби емес медиаторы ретінде қызмет көр¬сетемін. Жалағаш ауданының кәсіби медиаторлары төмендегі қызметтерді ұсынады:
- Жылжымайтын және жылжымалы мүлікті сату, сатып алу шарттарын куәландыру (ҚР-ның Азаматтық кодексіне сәйкес барлық келісім шарттарды);
- Азаматтық істерді барлық құқықтық салалары бойынша реттеу;
- Отбасылық, мұрагерлік, жер, еңбек, тұрғын үй, салық, банк салалары бойынша дауларды реттеу;
- Азаматтық құқықтық даулар;
- Тұрмыстық даулар;
- Неке және отбасылық қа¬ты¬настар, мүліктерді бөлісу;
- Мұраға қатысты даулар;
-Барлық тиісті органдарға, қылмыстық істердің даулары, істің ауырлығына қарамастан жә¬бірленуші мен айыпталушының мүдделерін қорғау;
- Келісім шарттарға медиа¬ция¬лық куәландыру.
Медиация нәтижесінде куә¬ландырылған келісімшарт сот ше¬шімінің күшімен тең және қайта шағымдануға жатпайды. Бұл за¬ңы бойынша қарастырылған істе қылмысы ауыр емес болса, жауапты тарап жәбірленушіге төн¬дірген зиянды қалпына келтірсе қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Сонымен қатар, сот¬қа дейін медиация рәсімімен шешілген жағдайда қылмыс ба¬заға түсірілмейді. Медиациялық келісімшарт екі тараптың да мін¬дет¬темелерін орындауға ке¬піл¬дік береді. Қоғамға қауіптілік дә¬ре¬жесіне қарай орта және жеңіл қылмыстық істерді медиатордың келісімшарты арқылы қысқартуға болады. Медиация заңының 7-бабында медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы айтылады, яғни медиация рәсіміне араласуға ешкімге жол берілмейді. Заңның 1-ші тармағында медиация жүргізу кезінде медиатор тараптардан, мемлекеттік органдардан, өзге де заңды, лауазымды және жеке тұлғалардан тәуелсіз болады.


Осы уақытта дейін ҚР-ның «Медиация» заңымен 11-дау шарасы шешілсе, соттың қатысуымен 9 ақша өндіру, жылжымайтын мүлік дауы шешімін тауып қанағаттандырылды. Дау-дамайларды шешіп, бітімгерлікпен келісімге келу арқылы жүзеге асатын медиация рәсімін өз елімізде, тәуелсіз Қазақстанда қалыптастыруға үлес қосуды міндетіміз деп санаймыз.

Мұхтар Хайдаров,
«Медиаторлар одағы» ҚБ-нің
Жалағаш аудандық филиалының кәсіби медиаторы.

09 қаңтар 2018 ж. 1 490 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930