» » Полицейлер 260 келі есірткіні тәркіледі

Полицейлер 260 келі есірткіні тәркіледі

Қазақстан мен Ресейдің Ішкі істер министрліктері пошта арқылы тасымалданған ірі есірткі арнасын жойды.

Тәртіп сақшылары 260 келі есірткіні тәркіледі. Бұл массадағы заңсыз өнімнің жалпы құны 9,5 млн. долларды құрайды.

Өткен жылдың қазан айынан биылғы жылдың сәуір айы аралығына дейін жалғасқан арнайы операция нәтижесінде Алматы, Алтай, Ақтөбе, Атырау, Тараз және Қызылорда қалаларында синтетикалық есірткі өндірумен және таратумен айналысқан 13 қазақстандық азамат ұсталды.

Ал Ресейде қолға түскен Омбы қаласының тұрғыны «синтетиканы» дайындап, пошта арқылы Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға жіберіп келген.
03 мамыр 2022 ж. 220 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 675

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31