КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ
Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ербол Ғабит Ерболұлы аудан тұрғындарына арнап жеке қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға алдын-ала берілген әлеуметтік желідегі хабарландыру аносы арқылы хабарласқан аудан тұрғыны жазылды. Кәсіппен айналысуда жолдары, оны тіркеу, кәсіпкерлерге аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі тарапынан берілетін заңдылық кеңестер және мемлекет тарапынан берілетін гранттарға қатысу жолдары заңдылық кеңес сұрады.
Сала басшысы Ғабит Ерболұлы аталған сұрақтар төңірегінде рет-ретімен жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда Жалағаш ауданында қадамы қарышты дамып жатқан кәсіптің түрлері жетерлік. Заманның ағымына қарай әр адам қолынан келген мүмкіндікті пайдаланып қалуда. Кәсіппен айналысамын деген азаматтардың ниеті болса, біз жол көрсетеміз. Кәсіп бастаймын деген ниетті азаматтарға Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі өз қызметтерін жоғары деңгейде жасауға дайын – деді сала басшысы.