МӘДЕНИЕТ АУЫЛЫНЫҢ ХАЛҚЫ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ
Республикалық қоғамдық штаб, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ғалым Әміревтің Жалағаш ауданына жасаған жұмыс сапары аясындағы халықпен кездесудегі іс-сапары Мәдениет ауылында жалғасты. Халықпен кездесудегі мақсат - халыққа жалпыхалықтық референдумның маңыздылығын қолдау. Аталған кездесуге ауылдық ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі, үкіметтік емес ұйымдар, әлеуметтік сала және қауымдастық өкілдері қатысты.
2022 жылғы 16 наурызда Президент Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауын жариялады.
2022 жылдың 5 маусымы жалпыхалықтық референдум күні. Референдумның мақсаты саяси, құқықтық жүйемізді жетілдіру, конституциялық реформа жасау. Конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді. Конституциядағы 98 баптың 33-і өзгертілмек.
Нақтылап айтса, Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-пропорционалды моделі енгізіледі. Мәслихаттардың ықпалы артады Бұл қадам сайлаушылардың көзқарастары мен пікірлерін барынша толық қамтуға мүмкіндік береді.
Аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың мажоритарлық жүйесінің толықтай енгізілуі өңірлердің тыныс-тіршілігіне азаматтардың ықпал ету мүмкіндігін арттыруға жол ашады.
Конституцияның жаңарған нұсқасында Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады.
Сондай-ақ құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр – деді Ғалым Әміреев.
Қазақта айтады «Жұмыла көтерген, жүк жеңіл» - деп. Біз біріксек ғана барлық қиыншылықты жеңеміз, еліміз гүлденеді. Талай асуларымыз бағындыратынымыз хақ. Осындай тарихи өзгеріс жасауға әр қазақстандықтың қатысуы маңызды . Біз ауыл халқы бірауыздан жалпыхалықтық референдумды – деді ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рахметов Ерділда.