» » АИТВ туралы уақытылы білу аурудың алдын алу негізі

АИТВ туралы уақытылы білу аурудың алдын алу негізі

Елімізде АИТВ инфекциясына шалдығушылар саны  күн санап артуда. Статистикалық мәліметке тоқталсақ   2022 жылдың 3 айында Республика бойынша 907 адамнан АИТВ  анықталған, оның ішінде шетел азаматы-32, ҚР азаматтары-875 жағдай. Өткен жылмен салыстырғанда 91 жағдайға артып отыр.  Қызылорда облысы бойынша  11 жағдай анықталып отыр. 
Әлемнің барлық елдерінде жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісі  ЖИТС (жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы)  құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Бұл күннің аталып өту мақсаты ЖИТС ауруынан қайтыс болған адамдардың мәселелеріне  қоғамның назарын аудару және де АИТВ жұқтырған адамдарға АИТВ/ЖИТС жағдайын өздері өзгерте алатынын айтып түсіндіру. Бұл күні адамдар өздерінің өмірден өткен жақындарын,достарын еске алып, АИТВ жұқтырғандарды  қолдап   ЖИТС-ке қарсы акцияларға қатысады. ЖИТС құрбандарын еске алу күні алғаш рет 1983 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында аталып өтті.
1991 жылы суретші  Фрэнк Мур ЖИТС-ке қарсы символика Қызыл лентаны ойлап шығарды. Қызыл лента ЖИТС-пен күресудің жалпы символына айналды және АИТВ жұқтырған адамға деген ынтымақтастықты білдіреді. АИТВ вирусы жаhандық  сипатқа ие болып отыр. Вирус нашақорлар ортасынан шығып, жұқтырғандар саны  көбейіп,  әйелдер арасында шалдығушылар саны артуда.
Ең алғаш рет АҚШ-та  елінде анықталған індет қазіргі таңда бүкіл әлемді шарпыған індетке айналып отыр. Сондықтан бұл індеттен бойымызды алшақ ұстау керек. Ол үшін жаман әдеттерден аулақ болып, сананың улануына жол бермеу, қызық көремін деп бармақ тістеп қалмау керек. АИТВ жұқпасының 3 жұғу жолы бар, қан арқылы, жыныстық жол, жүктілік кезінде тігінен жұғу. Қан арқылы жұғу көбінесе иньекциялық есірткі тұтынушыларда, жыныстық жолмен жұғу  қорғалмаған жыныстық қатынасқа түскендерде, ерлер мен ерлер арасында жыныстық қатынасқа түскендерде, тігінен жұғу жүктілік кезінде анықталуда. Бұл індеттің емі  де, бұған қарсы вакцина  да  жоқ. АИТВ-ға шалдыққандар  ағзадағы вирус деңгейін көбейтпеу  және өмір сүруін ұзарту  барысында  вирусқа қарсы препараттарды өмір бойына қабылдайды. Бұл індетке шалдыққандар  біраз жылға дейін өзін жақсы сезініп,ауру белгілері байқалмайды.
АИТВ вирусы тек қанды тексеру арқылы анықталады. Жалпы адам  бұл індетке лайық емес. Сондықтан өзімізді және жақындарымызды бұл індеттен  қорғау үшін сақтық шараларын сақтау керек. Ал қоғамның міндеті АИТВ  жұқтырған адамдарға толық қанды өмір сүру  жағдайын жасау, оларды кемсітуге, шеттетуге жол бермеу. ЖИТС-тің шегі жоқ, ол  жас, ұлт, жыныс, нәсіл таңдамайды. Санасы  ішімдікке, нашаға, шылымға уланған, қорғалмаған жыныстық қатынасқа түскен  кез келген адам  АИТВ жұқтыруы мүмкін. Себебі АИТВ жұқтырғандарды түр келбетіне қарап ажырату мүмкін емес.  Әр адам өз  денсаулығына өзі жауапты екенін естен шағармайық!

 А.К.Бекниязова,
Жалағаш аудандық  психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері 
17 мамыр 2022 ж. 155 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930