» » КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА 5 БАҒЫТТАН ТҰРАДЫ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА 5 БАҒЫТТАН ТҰРАДЫ

Бұған дейін Елбасының Жолдауындағы саяси өзгерістер мен нақты ұсыныстарға құлақ түрген кезде ел мен биліктің арасын жақындатуға тырысқан президенттің бұл саясатына қайран қалдық, көңіліміз көтерілді. Енді міне сол Жолдаудағы айтылған келелі мәселелер жүзеге асырылуда. Қолға алынған шаруалар да аз емес, нәтижесі де көңілге қонымды. Әсіресе қолдауға тұрарлық бағыт сайлау жүйесіндегі өзгерістер.

Жаңа форматтағы сайлау науқанында өткіздік бірнеше рет. Халықтың белсенділігі өте жоғары екенін көріп, қоғамның әрбір мүшесінің ел болашағына бейжай қарамайтынын түсіндік. Енді жақында ел Президенті жасаған бейнеүндеуде Конституциялық реформа өтетіні айтылды. 5 маусым күні қазақстандықтар Ата Заңға енгізілетін өзгерістерге дауыс бермек. Адам құқығы мен бостандығы басты құндылық болса, бұл реформа аясында осы құндылық күшейіп, көптеген заң жобалары қабылданбақ. Конституциялық реформа 5 бағыттан тұрады. Бұл бағыттар тізбегін суперпрезиденттік басқарудан түбегейлі бас тартып, президенттік республика моделіне өту, биліктің бірқатар өкілеттілігін қайта бөлу, парламенттің рөлі мен мәртебесінің өзгеруі, халықтың ел басқару ісіне араласуын кеңейту, азаматтардың құқын қорғау тетіктерін күшейту мәселелері құрайды. Мұның бәрі Жаңа Қазақстанды құру жолындағы алғашқы баспалдақтар екені мәлім. Сондықтан ел болашағынан үміт күтіп, алдағы болатын реформалау жұмыстарында белсенділік танытып, барлығымыздың атсалысуымыз маңызды.
18 мамыр 2022 ж. 251 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30