» » ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

Сәуір айында дүниежүзі денсаулық күнін атап өтеді. Барша халықты салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға шақыратын бұл күннің тарихына келсек, 1948 жылдың сәуірінен бастап жер бетіндегі барша ұлт пен ұлысқа ортақ атаулы күн болып қалыптасты. Ал, біздің елде тәуелсіздік алған жылдан бастап аталып өтіп келеді.
Бүгінде адамзат баласы қоршаған ортаның ластануынан, қозғалыстың аздығынан, зиянды әдеттердің кең таралуынан туындап отырған дерттер, тағы да басқа мәселелерден көп зардап шегеді. Сол себепті, дүниежүзілік денсаулық сақтау күнінің құрылғаны күнімен қатар келетін бұл күнде сала мамандары халыққа тегін тексерулер жүргізеді.
Апта басында орталық базар маңында амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасы, аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, аудандық жастар денсаулығы орталығы және ау­дандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ма­мандарының қатысуымен акция өтті. Онда тұрғындардың қан қысымы, қандағы қант деңгейіне және сатып алған тағам өнімдерінің құрамына лабароториялық зерттеу жүр­гізіліп, ақпараттық материалдар таратылды.

Н.АЛМАСҚЫЗЫ.
07 сәуір 2018 ж. 1 615 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 139

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930