» » Асүй құралдарын оңай тазартудың әдістері

Асүй құралдарын оңай тазартудың әдістері


Уақыт озған сайын үй шаруасын оңайлататын әдістер де, пайдаланатын құралдар да "тозып" жатыр. Есесіне жаңа түрлері пайда болып жатыр.Сондай әдістердің жаңарған түрі асүйде де бар.
Асүйдегі үздіксіз тазартып тұруды қажет ететін - газ плитасы мен азық-түліктерді турауға арналған тақтайша. Бұларды пайдаланған сайын жуып тұру бар да, оны апта сайын күрделі тазартудан өткізіп алу тағы бар. Оның әдістерімен де таныса отырыңыз.

Газ плитасын 5 түрлі әдіспен тазартуға болады

Бірінші әдіс. Кәдімгі ас содасы мен қарапайым ауызсуының қоспасымен тазалау.
Екінші әдіс. 3 ас қасық кір жууға арналған ұнтақ, 1 шәй қасық нашатыр спирті. Екеуінің арасласпасын пайдаланамыз.
Үшінші әдіс. Бізге керекті заттар қыша 3 ас қасық, 1ас қасық ыдыс жуатын сұйықтық, 3 ас қасық сірке суы, ыстық су. Барлығын қосып, қоймалжың болғанша араластырамыз.
Төртінші әдіс. Ас содасы және сутегі тотығы ("перекись водовода").
Бесінші әдіс. Дүкендерде сатылатын арнайы ластанған ыдыстағы майды кетіруге арналған «Майға қарсы» ("Анти жир") құралы қажет.
Жоғарыда келтірілген әдістердің қайсысы сізге ыңғайлы, қайсысы қолда бар, сол әдіспен ластанған газ плитасын тазалауға мүмкіндік бар.

Асүйдегі тақтайшаңыз ескіре бастаса…

Ас үйдегі ең көп қолданылатын құралдың бірі - турауға арналған тақтайша. Көкөністерді, азық-түліктерді турауға арналған тақтайшаның да ескіреді.
Тақтайшаның бетінде пышақтан іздер қалып, олардың арасы қарайып, жиектері сұрланып, лас кейіпке енеді. Тастауға қимайсыз, бірақ, жаңасын сатып ала берудің де жөні жоқ. Қолданыстағы тақтайшаны қоқысқа тастай беру де обал іс емес пе? Сондықтан, оны үнемі қалпында ұстап тұрудың әдістерін үйренейік.
*Тақтайшаның бетінде сызаттар пайда болса оны егеуқұм қағазымен немесе кәдімгі құммен ара-тұра ысқылап, шеңбер жасай отырып тазарта аласыз.
*Ағаш тақтайшадан қанша жуылса да жағымсыз иіс кетпей тұрып алатыны бар. Мұндайда 1 стақан суға 3 ас қасық 6 пайыздық сірке суын араластырып сүртіңіз. Соңынан құрғақ шүберекпен сүртіп алсаңыз болғаны.
*Егер тақтайшаңыздың сызат түскен тұстарының арасында микробтар қалып қоймасын десеңіз, ең алғаш сатып алған кезде жылытылған өсімдік майымен сылап тастаңыз. Бұл әдіс тақтайшаның жарылып кетпеуіне үлес қосады.


Дайындаған: Г. Жұмаділдаева
http://ernur.kz
13 сәуір 2018 ж. 1 475 2

Гость Jeaplause от 18 ақпан 2019 12:26
Prostate Gland Infection And Cephalexin Alli On Sale Now How To Get Flagyl Mc viagra Tab generic isotretinoin website cod accepted Buy Propecia Online Safe

Гость Jeaplause от 9 наурыз 2019 23:05
Comprare Cialis Generico Buy Amoxicillin Amazon 252 http://drugsed.com Zithromax Dose For Kids Clomid Et Octuples

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930