» » Жұмыртқа ұзақ сақталу үшін үшкір жағын төмен қаратыңыз: Асүйге қажетті 15 кеңес

Жұмыртқа ұзақ сақталу үшін үшкір жағын төмен қаратыңыз: Асүйге қажетті 15 кеңес


Жұмыртқаның жарамдылығын тексеру үшін оны 10 см су құйылған ыдысқа салыңыз. Жұмыртқа батып тұрса, ол әлі біраз сақтала алады.


1. Шай демдегенде шайнекке қайнаған су құймай тұрып, бір шақпақ қант салсаңыз, шайыңыз хош иісті әрі қою болады, деп жазады Асыл арна.
2. Егер ұн тұрған шкафта ылғал барын байқасаңыз, бірнеше құрғақ лавр жапырағын салыңыз. Олар ылғалды жақсы сорып алады.
3. Ыдыс түбінде пайда болатын дақтарды ас содасы мен тұздың көмегі арқылы оңай тазартуға болады. Кесе мен қасығыңыз айнадай жарқырап шыға келеді.

4. Пайдаланылған пышақтар, қасықтар мен шанышқылар қарайып кетсе, оларды картоп пісірілген суға салып, бірнеше минутқа қалдырыңыз. Сүрткеннен кейін бұрынғысындай жылтырап шыға келеді.

5. Дастарханның қайырылған жері сынбасын десеңіз, іш жағына лейкопластырь жапсырып қою керек.

6. Тоңазытқыштың мұзын ерітіп, суын төккеннен кейін жылы суға ас содасын қосып жуып, іші әбден құрғағанша бір-екі сағат ашып қойған жөн. Сонда оған қойған тағамдар иістенбейді.

7. Жарыңыздың жұмысына күн сайын тамақ салып беріп жүрген болсаңыз, сізде герметикалық ыдыстар бар. Босап қалған жағдайда олардың ішінде жағымсыз иіс пайда болуы мүмкін. Одан сақтану үшін контейнерге кішкене ғана тұз сеуіп қойыңыз.

8. Жұмыртқаны ұзаққа сақтаудың сыры бар екен. Үшкір жағымен төмен сақталғанда жұмыртқа тоңазытқышта әлдеқайда ұзағырақ сақталатыны байқалған.

9. Жұмыртқаның жарамдылығын тексеру үшін оны 10 см су құйылған ыдысқа салыңыз. Жұмыртқа батып тұрса, ол әлі біраз сақтала алады. Жұмыртқа сәл қалқып, төбесі судың бетінен шығып тұрған жағдайда, жұмыртқаны тез арада қолдануыңыз керек. Ал судың бетіне қалқып шыққан жұмыртқаны қоқысқа тастаңыз.

10. Сорпаға тым көп тұз салып қойған жағдайда, оған бір ашылған картопты қосыңыз. Картоп артық тұзды өзіне сіңіріп алады.

11. Бірнеше қолданылған шай қалташаларын ыдысқа салып, тоңазытқышқа қойыңыз. Шай қалташалары тоңазытқыштағы жағымсыз иістерді өздеріне сіңіріп, ауаны тазартады.

12. Көкөністерді асатын болсаңыз, үстіне екі қасық қант қосып жіберіңіз.

13. Ас үйдегі жағымсыз иісті кетіру үшін апельсин немесе лимонның қабығын оттықпен күйдіріңіз.

14. Нанның көгермегенін қаласаңыз, жабық ыдысқа салып, жанына алма немесе картоп қойыңыз. Нан салғышты апта сайын сабынмен жуып, ішін 1/3 бөлік су араласқан сірке суымен сүртіңіз. Ақ нан мен қара нанды қатар қоймағаныңыз абзал.

15. Лимонды сыққан кезде шырыны көбірек шықсын десеңіз, алдын-ала 5 минутқа ыстық суға салып қойыңыз.


http://stan.kz/
12 наурыз 2018 ж. 1 186 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930