» » Қазақстанда қылмыс жиі жасалатын криминалды аймақтар белгілі болды

Қазақстанда қылмыс жиі жасалатын криминалды аймақтар белгілі болды

Бас прокуратура қылмыстың электронды картасын жария етті. Онда кез-келген қала мен  аудан орталықтарында болған түрлі заңбұзушылықтар жазылып, саны көрсетіліп тұрады. Бұл туралы КТК хабарлады.

Қазақстанда 4 айдың ішінде бұзақылық, зорлық, ұрлық, адам өлтіру секілді 90 мыңнан астам қылмыс жасалған. Қауіпті өңірдің көшін 18 мың қылмыспен Алматы бастап тұр. Кейін тізімді 10 мыңмен оңтүстік Қазақстан облысы жалғап тұр.  Ал, салыстырмады түрде  ең тентектері  аз облыс Атырау болып шықты. Мұнайлы аймақта биылдыққа 2 мың қылмыс жасалған Енді осы қылмыс саны көбейген қауіпті аймақтар қатаң бақылауға алынбақ. Көбірек камера қойылады, тәртіпті бақылайтын сақшылардың саны артады. Құзырлы орындар осы арқылы заңсыздықтармен күресеміз деп сендіріп отыр. Әрі картадан криминалдық ахуалды ғана емес, жол апаты жиі болатын трассаларды да көруге болады. Сондай-ақ Астананың ең бұзақылар жүретін ауданы да анықталды.
«Қауіпті жер картада қызыл түспен боялған. Мәселен, Елордада Артем базарының маңында жыл басынан бері 30-дан астам қылмыс болыпты. Өйткені, бұл жерде адам көп жүреді»,-деді ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусин.
22 сәуір 2018 ж. 821 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930