СУҒА КЕТКЕНДІ ШАҚЫРМАУ

Қазақта суға көбінесе қыз-келіншек барады. Кейде терең сайдан суды зорға жеткізетіндердің көп кешігуі мүмкін. Кейбірі «отқа келген әйелдің он ауыз сөзі бар» деп әйел затына тән сөз құмарлықпен кешігеді. Кейбірі атастырғанымен оңашада әңгімелесемін деп кешігеді. Бірақ осындайда да кешікеннің не шешесі, не енесі дауыстап шақырмай, тез қайт дейтінді биіктен бойын көрсету арқылы білдіреді. Ренжігенін білдіру үшін жұдырығын түйіп, кешіккенге көрсетеді.