АЗАН АЙТҚАНДА ҚҰЛАҚТЫ НЕГЕ СҰҚ САУСАҚПЕН БІТЕП ТҰРАДЫ?

Ибн Мәжәның «сүнәнындағы» хадис бойынша сахаба Әбу Жухайфа (р.а.) былай дейді: «Мен Пайғамбарымызға (с.а.у) келгенімде ол Әбтах деген жерде, теріден тігілген қызыл шатырда еді. Біләл шығып азан айтты. Азан айтып жатып (жұрттар есту үшін) бұрылды. Сол кезде қолының саусағын құлағына тығып алған еді»,–деген.