Тоңазытқыштағы жағымсыз иістен қалай арыламыз: Тұрмысқа қажетті 9 кеңес
Адамдар күнделікті тұрмыста атқарып жүрген істерді жеңілдетудің түрлі әдістерін ойлап тапқан. Мысалы, қашықтықтан басқаратын пультті бір ғана батарея арқылы жұмыс істету, апельсиннің қабығын жылдап тазалаудың оңай әдістері көпшіліктің қолданысына еніп үлгерген. Бұл орайда Stan.kz назарларыңызға тұрмыста қажет болатын кеңестерді ұсынады.
1. Киім мыжылмас үшін не істеу керек
Киіміңіз тасымалдаған кезде мыжылып қалмас үшін, оларды қағазбен орап, кәдімгідей жинап қойыңыз.
2. Лакталған аяқ киімдегі дақты қалай кетіру керек
Бір стақан суға 1 ас қасық сірке суын қосып, осы қоспамен аяқ киімді сүртіңіз. Осылайша лакталған аяқ киімдегі дақтардан арыла аласыз.
3. Бөлмеңіздегі гүлдер жиі гүлдеі үшін не істеу керек
Картоп немесе макарон қайнатылған суды салқындатып, осы сумен бөлмеде өсетін гүлдерді суғаруға болады. Мұндай судың құрамындағы құнарлы заттардың өсімдіктерге ұнайтыны анық.
4. Кесілген авокадоны қалай сақтау керек
Авокадо мен пияздың бір бөлшегін контейнерге бірге салып қойыңыз. Осылайша, авокадоның балғындығын сақтауға болады.
5. Үйдегі жағымсыз иістен қалай арылуға болады
Үйде қуырылған тағам дайындағаннан кейін қалып қоятын иісті кетірудің амалы – артынша пеште піспенан пісіру. Егер піспенан әзірлеу барысында құрамына қант, мускат жаңғағы, ванилин немесе даршын қоссаңыз, үйіңізден шығатын хош иіс еселене түседі. Бұл заттардың айналасында тәтті иіс пайда болып, үйдегі басқа иістерді жояды.
6. Киімді қалай ағартуға болады
Киім жуған кезде кір жуғыш машинаға аспириннің бірнеше таблеткасын салып жіберіңіз. Нәтижесінде сұрланып кеткен киімдердің өзі ағарып шыға келеді. Ал кір жуар алдында, киімді аспирин ерітіндісіне салып қойсаңыз, нәтижесіне қайран қалатыныңыз анық.
7. Тоңазытқыштан жағымсыз иіс шықпас үшін не істеу керек
Қолданылған шай қалташалары тоңазытқыштағы жағымсыз иістен арылуға көмектеседі. Ол үшін тоңазытқышқа бір немесе бірнеше шай қалташасын салып қойыңыз.
8. Пультті бір ғана батареямен қалай жұмыс істетуге болады
Әдетте қашықтықтан басқаратын пульттер екі батареямен жұмыс істейді. Алайда оны бір ғана батареямен жұмыс істетуге болады. Ол үшін пульттің батарея салатын жеріне бір батарея орнатамыз. Мұнан кейін қағаз қыстырғышты (скрепка) ұзындап созып алып, оны екінші батарея тұратын жерге ұзынынан қоямыз. Осылайша пультті бір батареямен жұмыс істете аласыз.
9. Апельсинді қабығынан қалай тазалау керек
Ол үшін өткір пышақ пен қасық керек. Апельсиннің жоғарғы және төменгі бөлігіндегі тығыз қабығын кесіп алыңыз. Мұнан кейін жемістің қабығын көлденеңі бойынша кесіңіз. Бұл ретте қабығын абайлап кесіп, пышақты жемістің өзіне жеткізбеуге тырысу керек. Артынша жеміс пен қабығының арасына қасықты тығып, ақырыпндап қабығын бөліп аламыз. Осылайша, апельсинді жылдам әрі оңай аршуға болады.
http://stan.kz
Пікір 2