Шымкент пен Тараз қалаларында қуаты 2-3 баллдық жер сілкінісі болды
Бүгін, 9 мамырда, Шымкент пен Тараз қалаларында қуаты 2-3 баллдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан мен Тәжікстан мемлекеттерінің аймағында жатқан, деп хабарлайды ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап Stan.kz.
Шымкент және Тараз қалаларында жер сілкінісі 16 сағат 41 минут 50 секундта болған. Сілкініс ошағы Алматыдан оңүстік-батысқа қарай 764 шақырым қашықтықта Ауғанстан мен Тәжікстан мемлекеттерінің аймағында жатқан.«Жер сілкінісінің энергетикалық класы 14.5, ал магнитудасы 6.8. MPV болады. Тереңдігі 30 шақырымды құраған. Шымкент және Тараз қалаларының тұрғындары қуаты 2 балл болатын жер сілкінісін сезген», – делінеді хабарламада.
Сондай-ақ, ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі Шымкент пен Тараз қалаларында жер сілкінісінен болған қирандылар туралы мәлімет түспегенін мәлімдеді.
«Шымкент пен Таразда қирандылар болғаны туралы мәлімет жоқ. Жағдай жіті бақылауға алынған», – деп мәлімдеді ТЖК.
Пікір 2