» » Латын әліпбиіндегі қазақ тілі барлық смартфондарда қол жетімді болды

Латын әліпбиіндегі қазақ тілі барлық смартфондарда қол жетімді болды


Мемлекеттік тілді дамыту қоры қазақ тілін латын пернетақтасы арқылы барлық мобильді қосымшаларда қалыпты қолдануға мүмкіндік беретін «Qazaq Latyn Keyboard» жобасын әзірледі. Бұл туралы Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасында қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіруді айқындады. Бүгінде әлемдегі ақпараттың 70% -ы латын тілінде. Біз осы қазіргі заманғы ақпараттық кеңістікке кіріп, бәсекеге қабілетті болуымыз керек. «Qazaq Latyn Keyboard» қосымшасы жастардың жаңа әліпбиімізді тез үйренуіне септігін тигізетін болады. Латын әліпбиіндегі қазақ тілі барлық адамдарға қол жетімді болады», – деді Сұлтан Айтжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзінше, Qazaq Latyn Keyboard жобасы қазақ тілін латын пернетақтасы арқылы барлық мобильді қосымшаларда қалыпты қолдануға мүмкіндік береді.
«Қолданушыларға ыңғайлы болу үшін пернетақта жиынтығының транслитерациясы жасалды. Бағдарлама көмегімен кириллицамен терілген қазақша мәтін автоматты түрде латын графикасына аударылады», – деді ол.
Сондай-ақ, Айтжанов болашақта пайдаланушылардан түскен ұсыныстар бойынша жобаны жақсарту және жетілдіру көзделіп, қосымшаны App Store және Android-та жүктеп алуға болады деп сендірді.


http://stan.kz
16 мамыр 2018 ж. 1 042 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30