» » Қызылордада күйеуі 25 жыл отасқан әйеліне бір бүйрегін сыйлады

Қызылордада күйеуі 25 жыл отасқан әйеліне бір бүйрегін сыйлады


Қызылорда қаласының тұрғыны Нұрбек Нұраддин 25 жыл бір шаңырақ астында тұрған әйеліне донор болып, бір бүйрегін берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрбек Нұраддиннің жары бүйрек ауруына шалдыққан. Ол 2 жыл бойы аталған аурудың зардабын шегіп келіпті. Көптеген дәрігердің алдында болып, ем қабылдағанымен, нәтижесі болмаған. Мұнан кейін дәрігерлер оның бүйрегін ауыстыру керектігін айтып, донор іздей бастапты.
«Менің әйелімнің екі бүйрегі де жұмыс жасамай қалды. Тек дәрі-дәрмектің күшімен жүрді. Мамандар менің ағзамды зерттеді. Бүйрегім ауыстыруға жарайтынын білгенімде қатты қуандым. Қазір денсаулығым жақсы. Ешқандай ауырлық сезінген жоқпын. Аллаға шүкір, ота сәтті өтті. Ең бастысы, өмірлік жарымның жағдайы түзеліп келеді», – дейді Нұрбек Нұраддин.
Қазіргі уақытта Нұрбек Нұраддиннің жары Дәмет Алматы қаласындағы кардиология және ғылыми зерттеу институтында ем қабылдауда. Ол дәрігерлердің толық бақылауына алынған.
Өз кезегінде Дәмет өзіне бір бүйрегін сыйлаған күйеуіне дән риза екенін айтып, алғыс білдірді.
«Біз Нұраддин екеуміздің отасқанымызға 25 жыл болды, 3 бала тәрбиелеп отырмыз. Маған донор болуға келіскені үшін алғысым шексіз. Барлық жағынан оның ағзасы маған сәйкес келді», – дейді қызылордалық келіншек.
Ал Алматы қалалық кардиология және ғылыми зерттеу институтының трансплантология бөлімінің меңгерушісі Әкімжан Заиналовтың сөзінше, ерлі-зайыптының қан тобы мен ДНК-сы бір біріне толықтай сәйкес келген екен.
«Ота шамамен бес сағатқа созылды. Екі кісінің қан тобы мен ДНК-сы бір біріне толықтай сәйкес келді. Соның арқасында бүйректі ауыстыру мүмкін болды. Әдетте, науқастың туыстары донор болып жатады. Бұл үлкен сәттілік болды», – дейді Алматы қалалық кардиология және ғылыми зерттеу институтының трансплантология бөлімінің меңгерушісі Әкімжан Заиналов.
Қазіргі уақытта Нұрбек Нұраддин ауруханадан шығарылды. Ал оның жұбайы жақын күндері үйіне оралатын болады.


http://stan.kz
01 маусым 2018 ж. 763 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930