» » ОҚО-ның облыс орталығы атанады: Түркістанда үй бағасы қымбаттап кетті

ОҚО-ның облыс орталығы атанады: Түркістанда үй бағасы қымбаттап кетті


Шымкент ресми түрде мегаполис атанды. Шымкентке мұндай атақ беру туралы Президенттің бастамасын күнгейдің  шенеуніктері тайлы-таяғы қалмай құптап, тез арада мәслихат депутаттары қолдау білдірген. Енді тек Елбасы тиісті жарлыққа қол қойса болғаны, Шымкентке республикалық мәртебе беріліп, ал ОҚО-ның облыс орталығы Түркістан қаласына ауысады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Шындығын айту керек, қатардағы облыс орталығынан мегаполиске айналып, тіпті республикалық қала мәртебесінің берілетіні шымкенттіктердің төбесінен жай түскендей сезіліп жатыр.Біреулер бұл жаңа мүмкіндіктер береді деп қуанса, екіншілері үйінен еншісін алатындай күй кешуде. Бұны шымкенттіктердің өздерінен сұрап көрдік.
Ресми түрде мегаполис атану үшін қалаға кем дегенде миллион тұрғын керек. Шымкентті нақ осы мегаполиске айналдыру қажеттігін Елбасы бірнеше жыл бұрын айтқан еді. Осыдан кейін біздің шенеуніктер Шымкентке жақын маңдағы ауылдарды қосты, демографияны көтерді, әйтеуір бас-аяғы 4 жылда қаладағы халық санын миллионға жеткізді. Миллионыншы тұрғын болып медицина және банк қызметкерлерінің отбасында мамыр айында туылған тұңғышы – Айсұлу Еламан есімді нәресте танылды. Жоғары межені бағындырғаны үшін оған тіпті облыс басшысы Жансейіт Түймебаев бүгін демеушілердің есебінен екі бөлмелі пәтердің кілтін тапсырды.
Шенеуніктер түйткіл болмайды деп сендірді. Әзірге Шымкентте отырған облыстық мәслихат депутаттары Түркістанға көшуді бірауыздан мақұлдады.
Енді Елбасы қол қойса болды, қазақтың рухани астанасы саналатын Түркістан өңіріміздің орталығы болып шыға келмек. Яғни бүкіл облыстық басқармалардағы мемлекеттік қызметкерлер үйреншікті орнынан 170 шақырым жердегі жаңа орынға көшуі керек. Алайда Жансейіт Түймебаев ешкім жұмыссыз қалмайды деп сендірді.
«Шымкент республикалық дәрежедегі қала болғандықтан бұл жерде де қызметкер саны республикалық деңгейге өткендіктен көбейеді. Сондықтан да, ол мәселе болмайды. Екіншіден, Түркістанға қазір қарасаңыздар жер алушылар, үй алушылар, ғимарат сатып алушылар көбейіп кетті қазір. Үйдің бағасы көтеріліп кетті», – дейді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев.
Ал облыс орталығын Түркістанға ауыстыруға бюджеттен қанша қаржы жұмсалатынын Түймебаев айтқан жоқ. Шымкентке республикалық мәртебенің нақты қай күні берілетіні де белгісіз. Бірақ тура бір айдан кейін болатын Астананың 20 жылдығына орайластырылады деген сөз желдей есіп жүр.
Бір қызығы, облыстағы жүздеген шенеунік пен мемлекеттік қызметкер Түркістанға көшер болса, миллионға енді жеткен Шымкент тұрғындарының саны сәл азайып қалайын деп тұр.


http://stan.kz
07 маусым 2018 ж. 805 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930