Қызылорда-Астана газ құбырын тарту жұмыстары талқыланды Целиноград аудандық әкімдігінің мәжіліс залында «Сары-Арқа» магистральды газ құбырының құрылыс жобасын жүзеге асыру жөнінде жиын өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.«Сары-Арқа» құбыр жобасы «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана» бағытында жүргізілмек.Жиын барысында Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Кадралина «Сары-Арқа» магистральды газ құбырының құрылысына қоғамдық сервитут белгілеу мәселесі бойынша, сондай-ақ «КАТЭК» ЖШС бас директоры Құндыз Нупов «Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындардың орнын толтыру және өтеу мерзімі туралы» сөз сөйледі.Жиын соңында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқарбек Үйсімбаев қорытындылар шығарып, аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін нақты тапсырмалар берді. Қоғам 08 маусым 2018 ж. 791 0