АЛАШ АВТОНОМИЯСЫН СОВЕТ ӨКІМЕТІ ҚАЛАЙ МОЙЫНДАДЫ?
«Алаш-Орда» халық кеңесінің Ресей федеративтік республикасы Үкіметі халық комиссарлары кеңесімен тұңғыш рет келіссөз жүргізілгеніне биыл – 100 жыл толды. Бұл тарихи келіссөз 1918 жылғы наурызда болған еді. Оның тарихилығының себебі – сол жылы Совет өкіметінің жоғарғы басшылығы монархия ыдырағаннан кейінгі революциялық ахуалда шаңырақ көтерген қазақтың ұлттық автономиясын мойындаған болатын. Бұрынғы империяның орнына бекем билікке келгені жаңа өкіметпен келіссөз жүргізуге «Алаш-Орда» делегациясын Жанша (Жаһаншаһ, Жаһанша) Досмұхамбетов басқарып барған-ды. Орда облысының қазақтарының кезекті съезінің шешімі бойынша шыққан. Құрамында облыстық земство басқармасының бірнеше мүшесімен бастығы Халел Досмұхамедов болды.
Олар сол шақта большевиктердің билеуіндегі Семейде іс жүзінде жұмасына кірісе алмай тұрған Орталық Алаш-Орда атынан комиссарлары кеңесінің төрағасы Владимир Лениннің алдында баяндама жасап, Орынборда 1917 жылғы 5-13 (18-26) желтоқсанда қазақ автономиясын құрған ІІ жалпы қазақ съезінің құжаттарын тапсырады. Солардың заманауи өзгерістерге орай туындаған өзекті талаптарды алға тарта сөйлейді. Келіссөз сәті өткен Ұлттар істері жөніндегі халық комиссарлары Иосиф Сталин төте желімен Семейдегі Орталық Алаш-Орда басшыларымен сөйлескен. Делегация кіші совнаркомда (РСФСР Үкіметінің жанындағы халком кеңесінің қарауына жататын мәселелерді алдын ала қарау үшін құрылған тұрақты комиссияда) шешуге қойып отырған ұсыныстарын большевиктік билік талаптарымен ұштастырып пысықтаған. Совнарком қорытылған ұсыныстарды мақұлдаған. Орал облысындағы земство мекемелерінің жұмысын жалғастыра беруге келіскен. Сондағы қазақ ұйымдарының совет рельсіне аударуға қажетті қаржылық сома бөліп берген. Делегация осылайша Алаш ұлттық автономиясын орталық кеңсе өкіметіне танытып мойындатып, кері оралуға бет алған. Бірақ жолда ойламаған кедергіге тап болған. Кіндік билікпен тіл табысып келе жатқан күрескерлердің алдын Саратов қаласындағы жергілікті билік бөгеген. Саратов Совдепін наурыздың соңында казачество құлатқан. Олар Орал Совдепіне өкіл жіберіп, Алаш-Орданың Мәскеуге аттанған делегациясы жайында теріс пікір таратып үлгерген. Саратов Совдепі оның атқару комитеті қазақ делегациясының барлық мүшелерін тыңдаған. Жаһанша Досмұхамедов үш рет шығып сөйлеп, өздерінің Алаш-Орда өкіметі атынан Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы В.И.Лениннің алдында өзекті талаптарын қойғандығын. Талаптары қанағаттандырылмағандығы туралы олардың көздерін жеткізе білген. Делегацияның Саратовта қалай болшевиктік теңге салынғандығын кеңестік зерттеуші Бақытжан Қаратаев өз еңбегінде кеңінен баяндалған. Делегация мүшелері Саратовта өздерін лайықты деңгейде ұстаған. Көзқарастары мен ұстанымдарын дәлелді түрде қорғаған. Орталықпен жасасқан келісімдерін жүзеге асыруға Саратов Совдепінен жәрдем сұраған.
Делегация басшысы Ж.Досмұхамбедов Мәскеудегі келіссөздің мақсатын және қол жеткізген нәтижесін тілге тиек етіп, олардың көздерін жеткізіп, ортақ жұмыс істеуге шақырған. Ж.Досмұхамбедовтың табандылығының арқасында Саратов Совдепі көмек қолдарын созып, 1918 жылдың 17 сәуіріндегі мәжілісінде жария еткен Үндеудің мәтіні былайша жазылған: «Орал облысының Жайық сыртындағы бүкіл қазақ земстволық және қоғамдық ұйымдарына, лауазымды тұлғаларға және барлық азаматтарға! Жалпы қазақтың «Алаш-Орда» халық кеңесі Ресей федеративтік республикасының советтік билігін мойындады да, халық комиссарлары кеңесімен қарым-қатынас орнатты. Халық комиссарлар кеңесінің жанынан жақын күндері қазақ істері жөнінде комиссариат құрылады да ең қысқа мерзім ішінде қазақ өлкесінің автономиясы жайында декрет жарияланады. Үстіміздегі жылдың 1 сәуірінде өткен Холком кеңесінің мәжілісінің №335 қаулысына сәйкес Жайық сырты земство мекемелері өздерінің әдеттегі міндеттерін бұрынғыдай атқара беруге тиіс. Осыларды хабарлай отырып, біз Үндеуге төменде қол қойып отырғандар, Орал облысының Жайық сырты бөлігіндегі қазақтың барлық земстволық және қоғамдық ұйымдарымен лауазымды тұлғаларын барша қазақтарды Совет өкіметіне қарсы бағытталған қозғалыстардың ешқайсысына да қатыспауға, сондай қарсылық қозғалыстарға араласы бар адамдарға ешқандай көмек көрсетпеуге шақырамыз.
Естеріңізде болсын, қандас қазақ бауырлар, Сіздердің ұлттық тағдырды өз қолдарыңызға алу, ұлттың өз-өзін билеу құқығына ие болу жөніндегі табиғи тілектеріңізге тұңғыш рет еңбекшілердің Совет өкіметі ресми түрде құлақ асып отыр. Совет өкіметі қазақ ұлтының ұлттың мүддесін және өзін-өзі билеу құқығын мойындап отыр. Орыс пролетариатының осынау саяси тектілік мәрттігін бағалай біліңіздер! «Жалпы қазақтың «Алаш-Орда» халық кеңесінің мүшесі Досмұхамедов».
Жалпы қазақтың «Алаш-Орда» халық кеңесінің мүшесі Ж.Досмұхамедовтың баяндамасын тыңдап, жарыссөздерді қорыта келе, Саратов атқару комитеті былай деп Қаулы алды:
1. Баяндамашы арқылы қазақ халқына сәлем жолдап, оны Совет өкіметін қолдауға деген ұмтылысына қоштау көрсетілсін.
2. Қазақ халқымен өте тығыз саяси және экономикалық байланыс орнатылсын.
3. Баяндамашы мұсылман тобынан таңдап сайлап қазақ ұйымына делегация жіберу принципті түрде қажет деп табылсын.
Бұл Үндеу аэропланмен қазақтар мекендейтін аймаққа жеткізіліп, жоғарыдан тасталған екен. Бұл «Алаш-Орда» халық кеңесінің Совет өкіметімен бұдан 100 жыл бұрын жасаған алғашқы келіссөздері еді.
Осындай табанды жүргізілген келіссөздер негізінде 1918 жылдың мамырында РСФСР ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты ішінен қазақ бөлімі ашылған. 1920 жылғы 26 тамызда Қазақ автономиялы республикасында декрет жарық көрді. Осы декреттердің негізіне қазақ автономиялық, кейіннен республикалық қазақ өкіметі сан-салалы істерді жүзеге асырып, оның орнына Қазақ республикасының тұрақты өкілдігі, одан еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан республикасының елшілігі орнағаны белгілі. Бұдан 100 жыл бұрын «Алаш-Орда» халық кеңесінің Ресей федеративтік өкіметімен жүргізген алғашқы келіссөзі негізінде қаланған тарихи мәмілелер бұл күндері достықтары ғасырлар бойы жарасқан екі елдің бейбіт қатар өмір сүрудің темірқазығы болуда.

Рысбай КӘРІМОВ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.