» » Семейде тест тапсырушы түлек ҰБТ-да бірде-бір балл жинай алмады

Семейде тест тапсырушы түлек ҰБТ-да бірде-бір балл жинай алмады


Биылғы ұлттық біріңғай тестілеуде Семей қаласындағы мектептердің бірінде оқыған қыз бірде-бір сұраққа дұрыс жауап бере алмады.

Бұл туралы altaynews.kz хабарлады, деп жазады  Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Семей қаласының білім басқармасының басшысы Наталья Фесенко баспасөз мәслихатында ҰБТ-ның үш кезеңінің қорытындысы бойынша талапкерлердің орташа балы 2018 жылы 84,7 балды құрайтынын айтты. Алайда, оның айтуынша, биылғы тестілеуде ерекше жағдайлар орын алды. Семей қаласында мектеп бітіруші түлектердің бірі ҰБТ-да бірде-бір балл жинай алмаған екен.
«Мемлекеттік комиссия мүшесі ретінде мен кейбір балалардың тест сұрақтарына мүлде жауап бермей, әлде біреулерді күтіп отырғанын көрдім. Мүмкін, олар ата-аналарынан көмек күткен шығар. Бірақ олар біреуді күтемін деп, қымбат уақыттарын ғана жоғалтты. Әйтпесе 11-ші сыныпты бітірген жас қыздың берілген тест сұрақтарының бірде-біріне дұрыс жауап бермегенін қалай түсіндіруге болады», – деді ол.
Сонымен қатар, Наталья Фесенко биліктегілер талапкерлердің ата-аналарына бірнеше рет ұялы телефон мен шпаргалкаларға үміттенбеуі туралы ескерту жасағанын да айта кетті.
«Ұялы байланыс мүлдем жұмыс істемеді. Бірақ үміткерлердің кейбіреулерінен шпаргалкалар табылды. Алайда, ол да сынақ тапсырушылар үміттенгендей көмектесе алмады. Телефон, шпаргалка секілді заттардың тапсырманы шешуге кететін құнды уақытты алатыны дәлелденді», – деді Наталья Фесенко.



http://stan.kz
04 шілде 2018 ж. 608 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 133

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930