«Томирис» фильмінің продюсерінің қызы анасының жоғалып кету себебін түсіндірді
Бірнеше күн бойы іздеуде болған «Томирис» фильмінің продюсері Анна Шәкіртованың қызы Кәмиллә Нұғманова анасының қалай жоғалып кеткенін айтып берді.
Кәмилла Нұғманова желідегі парақшасында ішкі істер органдарының қызметкерлері мен оқырмандарға алғысын білдіріп, анасының қандай жағдайда жоғалып кеткенін баяндап берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Құрметті достар, әріптестер, басқалардың басына түскен қиындыққа бей-жай қарамайтын адамдар Аня аман-есен табылды. Ол сіздердің және ішкі істер органдарының қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында табылды”, -деді бойжеткен.
Оның сөзінше, дәріханаға бас аурудың дәрісін алуға барған продюсер телефонын үйде ұмытып кеткен.
“Мүмкіндік туып тұрған соң, ескі отбасылық саяжайға барып, таңға дейін тынығып алмақшы болған. Содан кейін таңертең жұмысқа баратын кезде жүргізушіні шақырта саламын деп ойлаған. Алайда, жолда оның жағдайы күрт нашарлап кеткен. Ол телефонын үйде ұмытып кеткенін саяжайға жеткен соң, өзін әкеп тастаған көлікті жібере салғанда ғана білген. Өзін нашар сезінген соң дәрі-дәрмек қабылдаған. Содан осы уақытқа дейін жартылай есін жоғалтып жатқан. Қайта уақытында табылып, аурухана жеткізілді”,-деді Нұғманова.
Сондай-ақ,ол продюсердің денсаулығы дәрігерлердің қадағалауында екенін және оның Алматыдағы клиникалардың бірінде емделіп жатқанын айтты.
“Барлығыңыздан оның мазасын алмауларыңызды сұраймын. Дұға етіп, тілеуін тілеп, іздеуге күш салып, сенім білдіргендерге алғыс білдіремін. Ол сіздердің арқаларыңызда ғана біздің жанымызда», – деді бойжеткен барлық адамдарға ризашылық білдіріп.
Айта кетейік, бұған дейін «Томирис» фильмінің жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен продюсерінің табылғанын және күйеуінің оның қазіргі жағдайы туралы айтып бергенін хабарлаған болатынбыз.
http://stan.kz