» » Жастық қалыпты сақтаудың 10 тәсілі

Жастық қалыпты сақтаудың 10 тәсілі


Кейінгі кезде ғалымдар адамдардың өмір сүру орташа жасы 120 деген шешімге келіп отыр. Ал біздің дәуірімізде осыншама жасқа келген адамды табу қиын.
 
Орта есеппен жапондар – 83,5, австралиялықтар мен канадалықтар – 82,  гректер мен немістер – 81, американдықтар – 79 жыл өмір сүрсе, орыстар 72 жаста бұл дүниемен қош айтысады екен. Бары-жоғы небәрі 55 жас жасайтын нигериялықтар мен сомали­ліктерге қарағанда қазақстандықтардың шүкір деулеріне болады. Олардың өмір сүру деңгейі 70 жастан асты.
 Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында дәрігерлер мен психологтар, диетологтар өзара келісе отырып, 10 тәсілді ұсынып отыр.
 1. Әдеттегідей күнделікті адамға керекті 2500 калорияның орнына 1500 калория жеткілікті. Соны қанағат етуге қалыптасыңыз. Соның нәтижесінде ағзаңыздың белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз етесіз. Әрі клетка торшалары жаңарып, ағзаңыз кез келген ауруға қарсы тұра алатын болады. Тамақты шамадан тыс тоя көп те, аз да жемеңіз. Бір қалыпты тамақтануға қалыптасыңыз.
 2. Жас ерекшілігіңізге орай тамақтану үрдісін сақтайтын болыңыз. Егер 30 жастағы әйелдер үнемі жаңғақ пен бауыр жеп тұрса бетіне әжім кеш түседі. 40 жастан асқан кісілерге бета-каротин пайдалы. Ал 50 жастан асқандарға  жүректің қалыпты жұмыс істеуі үшін магний, адам сүйегі үшін кальций керек. Селен стрестен сақтайды. Сондықтан 40 жастан асқан ер кісілерге селен қажет. Жүрек пен қан тамырларына балық өнімдері ауадай керек. 50 жастан асқан әрбір адам күнделікті ас мәзіріне балық өнімдерін қосып отырса артықтық етпейді.
 3. Француздар адамның жастық қалпын сақтауда жұмыстың маңызды рөл атқаратынын айтады. Өйткені жұмыс істемейтіндер өз қатарларынан 5 жас ересек көрінеді екен.
 4. Адамның өмірге деген өз көзқарасының болуы да маңызды. Ондай кісілер үнемі төмен қарап тымыра­йып, томсарып жүретіндерге қарағанда өзіне түскен ауырытпалықты жеңіл көтереді.
 5. Қазақта: «Қосағыңмен қоса ағар» деген сөз бар. Оның мәнісі мынада: махаббат пен нәзіктік қартаюға қарсы тұра алатын бірден бір жағымды сезім екенін психологтар алға тартады. Аптасына 2 рет етек қатынасына түсу кезінде адам бойында эндорфин гармоны көптеп бөлініп, адамды 14 жасқа жасартып көрсететін сияқты. Әрі иммундық жүйені күшейтеді.
 6. 30 жасқа дейін болатын өсу процесінің тоқтап қалмауы үшін  күніне кемінде 8 минут спортпен айналысу өмірді ұзартады.
 7. 17-18 градус температура келетін салқын жерде ұйықтау адам ағзасына тигізер әсері зор. Нәтижесінде  ағзада зат алмасу процесі дұрыс жүреді де адам көп уақыт жастық қалпын сақтайды.
 8. Саламатты өмір салтын қалыптастыру туралы сөз болғанда адам өзін-өзі сылап-сипап, өзін кереметтей сыйлайтынын іштей ишарат етіп, еркелеткен абзал. Егер сізге бір киім ұнаса немесе бір тамаққа тәбетіңіз шауып тұрса,тиын-тебенді үнемдеудің қажеті жоқ. Дереу сатып алып, өзіңізге өзіңіз сый етіңіз.
 9. Өзін томаға-тұйық ұстап, не нәрсе болса да ішке бүгіп жүрмеңіз. Көңіліңе алған ойды ашық айтып, сырласқанға не жетсін?! Қазақта: «Адам – сөйлескенше, жылқы – кісінескенше» деген мақал бар. Мұның мәнісі адам сөйлесіп, іштегі барын жайып салса, көңілдегі кірбің кетіп, жаны жеңілдеп қалады. Керек болса, әңгімеге өзек болған мәселеге орай өз ойын ашық айтып, пікір таластырудың өзі бір ғанибет емес пе?
 10. Сөзжұмбақ шешу, ұжым болып ойналатын ойындарға қатысу, шетел тілдерін үйрену, ойша есептеу миды жаттықтырудың бірден-бір жолы. Осылай ұмытшақтық ауруды жеңеміз. Сонымен бірге жүректің белсенді жұмыс істеуіне көмектесеміз. Ағзада зат алмасуы мен қан айналымы жүйесі қалыпты жұмыс істейтін болады.


Zamana.kz
20 шілде 2018 ж. 896 2

Гость Jeaplause от 24 ақпан 2019 02:39
Amoxicillin And Throat Hoarseness Levitra Acquisto Italia cialis 40 mg Gsc.Tab 0 Levitra Kaufen Per Uberweisung Buy now isotretinoin claravis

Гость Jeaplause от 13 наурыз 2019 04:29
Quando Cialis Non Funziona Viagra Per Erboristeria Kamagra Oral Jelly Gunstig priligy testimonios Cialis Precio En Farmacia

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930