Медицина дамыған 10 ел
Әлемде ешқашан өлмейтін, даму үстінде ғана жүріп отыратын тұрақты төрт мамандықтың бірі – медицина саласы. Медицинасы дамыған елдің болашағы зор. Басты себеп – халық жағдайының жақсаруы. Деніңіз сау болса, басқасының бәрі орындалады. Ал аура қалсаңыз, емін таба алмасаңыз, жағдай қиын. Сондықтан, мемлекет экономика саласынан кейінгі кезекте елдің медицинасын алдыға қоюы керек. Дәл осындай мақсатта жұмыс жасап, әлемнің үздік ондығына кірген мемлекеттермен таныс болыңыз.
1. Швеция
Швеция – саяси-экономикалық жағынан да алдыңғы қатарда тұратын елдердің бірі. Тек ақша мәселесіне келген кезде емес, халықтың тұрмыс-тіршілігі, денсаулығына да мән береді. Ел билігі халықтың денсаулық сақтау мәселесі үшін кірістің 97%-ын бөледі. Иә, бұл шындық, ешқандай жалған ақпарат емес. 97% кіріс деп отырғанымыз, табыс көзінің 3-ақ пайыз көрсеткішін құрайды екен. Елдегі медицинаның дамуына басты себеп: тұрақты экономика, дамыған технологиялар және білікті дәрігер мамандардың қалыптасуы. Швецияда балалар 19 жасқа дейін тегін ем алады.
2. Швейцария
Кішкентай ғана жерде жатқан елдің байлығы жайында айтудың қажеті де шоқ шығар. Себебі елдің экономикасы даму жағынан әлемдегі үштікке кіреді. Басты себеп – банк жүйесінің тұрақты және айналмалы жүйе бойынша қалыптасуы. Ал енді медицинасына келсек, ол жағынан да кенде емес. Жер бетіндегі ең ұзақ жасайтын елдердің қатарына кіретін Швейцариядағы ерлердің өмір сүру жасы орташа есеппен – 80,5 болса, әйелдер – 85 жас. Елдегі медицинаның үздік болуы халықтың жағдайы жақсы болуымен байланысты. Елде орташа тап және байлар бар. Кедейлер жоқтың қасы деуге де болады. «Ең бақытты ел» атауына да лайық болған осы – Швейцария. Бұл елде медицина саласы толығымен тегін. Тек кейбір жағдайларда ғана халық емнің жартысынан аз бөлігін төлемесе, бәрін мемлекет өзі жабады.
3. Оңтүстік Корея
Үштікке Оңтүстік Корея кіреді деп ойламаған шығарсыз, бірақ бұл ел өзінің лас экологиясымен күресу мақсатында медицинаға 100% көңіл бөлген. Бір сөзбен айтқан кезде халық медицина жағынан толыққанды көмек алады және емделеді. Себебі, билік халықтың тыныш әрі дендері сау болып өмір сүргенін алға тартады.
4. Аустралия
Аустралияның медицина саласы ғана емес, экологиясы да таза әрі халық үшін өмір сүруге ыңғайлы. Климаттық жағдайы да керемет. Елдің медицина саласына салып отырған қаржылық үлесі 75%. Ал қалған 25%-ы сақтандыру бойынша жүзеге асады. Аустралияда тіс емдету, оптометрия және жедел жәрдем қызметінен бастап түрлі салалық қызметтері тегін.
5. Италия
Ең үздік ондықтың ішінде Италия да бар. Италияның медицина саласына салған күші Аустралиядан 0,1 пайызға қалып кетуі мүмкін. Бірақ, бірдей. Ал халықтың өмір сүру жағынан Швейцариямен терезесі тең деуге болады. Себебі, мұндағы халықтың өміру жасының орташа есебі – 82 жас. Жеке және мемлекеттік ауруханаларға ота жасауды тегін. Қандай ота түрі болса да, тегін жасалады.
Испания
Испания медицинасы – дамыған технологиясымен және ең білікті кадр, ең мықты дәрігерлерімен белсенді. Дәрігер болу үшін үлкен сынақтардан және тәжірибеден өтесіз. Адам өміріне жауапкершілікпен қарайтын елдегі медицинаның дамуы үздік ондық ішінен орын алуына септігін тигізіп отыр.
Израиль
Бұл елдің медицинасын бүкіл әлем біледі. Себебі мұнда шеттен келіп емделетіндердің саны жыл сайын артпаса, төмендеген емес. Елдегі медицина ең жоғарғы технологиямен жабдықталып, дәрігерлер үздіксіз жұмыс жасайды. Өздерінің авторлық дәрілері, емдері мен түрлі ерекшеліктері бар.
Жапония
Экономикасы қазірге кезде әлем бойынша І орынды бермей тұрған Күн шығыс елінің медицинаға да салғырт қарамайтыны белгілі. Одан қала берді, технологиясы дамып, роботтар қызмет ететін елде қазір оталарды да роботтар жасай бастаған. Сондықтан болар, жапон медицинасы әлемдегі технологиялық жағынан ең дамыған сала ретінде көрініс табады.
Сингапур
Сингапурдағы медицина мемлекеттік тараптан гөрі, жеке өз алдына сала ретінде жақсы дамыған. Жекеменшік ауруханалар мен медициналық орталықтардың халыққа қызмет көрсетуі өте жоғары деңгейде. Әлемдегі дамыған елдердің ішінде Сингапур аты аталса президентінен бастап халықтың экономикалық жағдайы сөз болатын. Енді міне үздік ондықта медицинасымен де көзге түсті.
Гонконг
Бұл елдің де медицинасы өте жақсы дамыған әрі халқының өмір сүру орташа жасы да алдыңғы шептен көрінген елдермен тең. Мұндағы медицина негізінен қытай медицинасына жақын.
Massaget.kz
Пікір 2