» » Күніне үш жұмыртқа жесеңіз, денеңізде қандай өзгерістер болады?

Күніне үш жұмыртқа жесеңіз, денеңізде қандай өзгерістер болады?


Диетологтар біраз уақыт жұмыртқаға сенбей, бұл тамақта холестериннің мол мөлшері болды деп есептеп келді. Алайда соңғы тексерулер керісінше нәтиже көрсетіп отыр: күнделікті тамақ тұтыну рационына бар-жоғы үш жұмыртқа қосыңыз да күтіңіз, денсаулығыңыздың аз уақытта қалай жақсарғанын көресіз.


• Сүйектер мен тістер
D дәруменінсіз біздің ағзамызға кальций жақсы сіңбейді. Ал жұмыртқа құрамында осы дәрумені бар санаулы азық-түліктердің қатарына жатады. Тіс дәрігеріне жиі барғыңыз келмей ме? Ендеше, тамақ мәзірінен жұмыртқа үзілмесін.

• Күш-қуаттың артуы
Таңғы ас кезінде жұмыртқа жесеңіз, жарты күнге дейін қуатты жүресіз. Есіңізге түсіріп көріңіз, таңертеңгі тамақта жұмыртқа жеген күніңізді, түске дейін қарныңыздың ашпай жүретіні рас! Мұның құпиясы: жұмыртқада қоректік заттар мен амин қышқылының мол болуы ағзаңызды мығым ұстап жүруіңізге көмектеседі. Салауатты өмір салтын ұстанған адамдар үшін жұмыртқаның керегі зор.

• Дәрумендердің орнына...
Көктемде әлсіз адамдардың ағзасында дәрумендердің жетіспеушілігі байқалады. Бұдан дәріханадағы дәрумендер жиынтығын алып емделуге болады. Бірақ, бұл үшін жұмыртқаны жесеңіз жеткілікті. Жұмыртқа құрамында А, D, E, B3, B6, B12 секілді дәрумендер, минералдар мен йод, цинк, кальций, магний, темір және фосфор секілді микроэлементтер бар.

• Диеталық азық-түлік
Жұмыртқаның құрамындағы лецитин мен холин ағзадағы майлар мен холерестиннен тез арада арылуға көмектеседі. Жұмыртқада негізінен калория аз, сондықтан «сымбатым бұзылады» деп қауіптенудің қажеті шамалы.

• Өткір көз
Бұлардан басқа, жұмыртқаның сарысында лютеин мен зеаксантиннің бай қоры бар. Бұл адамда катарактаның пайда болуын алдын алады. Бұдан басқа, аталып өткен А дәруменнің маңызы да зор. А дәруменінсіз адамда тіпті бала жастан ақшам соқырына (грекше hēmera — түн, іңір, al(aos) — соқыр, ōps— көз, hemeralopіa — түн соқыры, тауық соқыры) шалдығу қауіптілігі басым болады.

• Нәруызды қуат
Бір жұмыртқаның құрамында шамамен 6 грамм нәруыз бар. Бұл үш жұмыртқа бір кесек етті ауыстыра алады деген сөз. Нәруыз белсенді қимылдап жүрген адамға өте қажет, салмақ жоғалтпауға, гипертонияға ұшырап қалмауға, және сүйектің сау болуы осы элементке байланысты екенін естен шығармаңыз.

• Жүректің қызметін нығайту
Жұмыртқаның құрамындағы фолий қышқылы қан айналуын арттырады. Бұдан басқа жүрек-қан тамырлары қызметін жақсартады. Міне, сондықтан, дәрігерлер жұмыртқаны үнемі тұтынуды ұсынады.

Massaget.kz
05 мамыр 2018 ж. 2 411 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930