Полицейлер халықты автоұрылар шабуыл жасайтындар әрекет жасамауға шақырады
Тәртіп сақшылары автокөлік иелеріне бұзақыларды көріп қалған жағдайда эмоцияға беріліп, олардың ашулануына себеп болатындай әрекет жасамауға шақырады.
Бұл туралы 24.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.«Егер сіз қылмыскерді қылмыс үстінде ұстап алсаңыз, оны агрессиялық әрекеттер жасауға итермелемеңіз. Қылмыскерде әсіресе қылмыс жасау кезінде адреналин көп бөлініп, қылмыстық жауапкершіліктен қашу үшін бәріне дайын болады», – дейді Алматы қаласы ІІБ-нің бөтеннің мүлкін тонау фактілерін ашумен айналысатын бөлімшенің басшысы Алексей Стрельцов.
Полицияның мәліметтері бойынша, жыл басынан бері 1700-ге жуық алматылық полиция бөлімшесіне көліктеріне ұрлық жасалғанын айтып, шағым түсірген.
Ұрылар көліктің айнасы мен доңғалақтарын шешіп алып, терезелерді сындырып, салондағы құнды заттарды қолды қылады. Полиция қызметкерлері олардың көбі еліміздің түрлі өңірлерінен келетін 25 және 35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар екенін айтады.
Тергеушілерге мұндай қылмыстарды анықтауға көбіне, көшеде орналасқан бейнебақылау камералары көмектеседі. Ұрылар көп жағдайда артқы жақты көрсетіп тұратын айналарды қолды қылуға құмар. Тәртіп сақшылары хабарлағандай, оларды қосалқы бөлшек базарларында сатудың тұтас сызбасы бар. Ал, ұрланған айнаның құны 25-тен 200 мыңға дейін бағалануы мүмкін.
Шабуылдардың көпшілігі қала орталығында түскі және кешкі уақытта өтеді. Осындай ұрлықтардың көбеюіне байланысты, полиция көлік иелерінен барынша сақ болуды сұрайды.
Источник: Stan.kz