» » Үй гүлдерінің қайсысы қауіпті екенін білесіз бе?

Үй гүлдерінің қайсысы қауіпті екенін білесіз бе?


Үй гүлдерін өсіру қайта сәнге айналып келеді. Әсіресе дизайнерлер үйді ерекше етіп сәндеуде құтыдағы гүлдерді қолдануға кеңес береді. Алайда алдымен кейбір гүлдердің қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеніңіз абзал. Үйде қандай гүлдерді өсіруге болмайды? Осы жағын ойланып көрдіңіз бе? Аллергия тудыратын немесе жағымсыз көңіл-күй сыйлайтын гүлдер де жеткілікті. Біз бүгін үйдің ішінде өсіруге болмайтын гүлдер туралы айтамыз.

Диффенбахия – улы өсімдік. Сыртынан қарағанда үш өлшемді сары-жасыл жапырақтары гүлді өте әдемі етіп көрсетеді. Бірақ бұл гүлдердің жапырақтарының шырыны адам мен жануарларға өте улы. Диффенбахия шырыны ішке түскен жағдайда тері тітіркеніп, күйіп қалуы мүмкін.

ÐиÑÑенбаÑиÑ

Олеандр – гүл өсірушілерді ашық түсті, хош иісті экзотикалық гүлдерімен тартады. Бірақ шын мәнінде, олеандр гүлі – өте зиян. Оның хош иісі адамның басының айналуы мен әлсіздігіне алып келеді.

ÐлеандÑ

Сүттіген тәрізді гүлдер әртүрлі формалар мен түрлерге ие, тіпті кейбіреулері кактусқа ұқсас. Бұл гүлдің тікенектері қауіпті, сондай-ақ сабақтары мен жапырақтарындағы шырыны денені күйдіріп жіберуі мүмкін. Егер гүлдің улы шырыны адам ағзасына түссе қатты уландыратындай күшке ие.

СүÑÑÑген

Жоғарыда айтылған гүлдердегідей, Кротон шырыны денені күйдіреді. Сыртынан қарағанда жай үй гүлі болып көрінгенімен, негізінде улы өсімдік. Сондықтан, дүкеннен ұзын жапырақтары бар кішкене ағаш тәрізді гүлді көрсеңіз, оны сатып алуға асықпаңыз. Алдымен сатушыдан гүлдің атын сұраңыз.

ÐÑоÑон

Азалия – өзінің әдемі әрі көлемді гүлдерімен танымал. Сондықтан көп бағбандар өз бақтарында гүлдің осы түрін өсіргенді ұнатады. Бірақ Симс Азалиясы мен Үнді Азалиясы ағзаға түскен жағдайда талма мен ішек ауруын туғызатынын біліп жүріңіз.

ÐзалиÑ

Жиырылғыш Мимоза – жұқа сабақты, шағын жапырақтары бар өсімдік. Мимозаның қасында ұзақ отыруға болмайды. Себебі бұл гүлдер адамның шашына зиян келтіреді: шаштың қатты түсуіне алып келеді.

ÐиÑÑÑлÒÑÑ Ð¼Ð¸Ð¼Ð¾Ð·Ð°

Монстера – Қазақстанда ол әдемі бөлме гүлдері ретінде өсірілсе, отанында оны тағам, дәрі-дәрмек ретінде қолданады. Оның үлкен жапырақтары күтім жасауға өте ыңғайлы. Бірақ оны үйде ұстамағаныңыз дұрыс. Себебі бұл гүлдің шырыны теріні күйдіреді, көзге және ас қорыту жүйесіне қауіпті.

ÐонÑÑеÑа

Сондай-ақ, Адениум, Филодендрон, Примула, Стеллера, Паслен және Трихоцереус сияқты өсімдіктерді үйде өсіру қауіпті.




Аударған: Еңлік Сақтан
https://baribar.kz


23 шілде 2018 ж. 2 775 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930