» » Табылған сүйек Жансүгіровтікі ме: Алматы облысы тұрғындары ауласынан адам сүйектерін тапты

Табылған сүйек Жансүгіровтікі ме: Алматы облысы тұрғындары ауласынан адам сүйектерін тапты


Алматы облысының Жаңалық ауылы тұрғындары ауласынан адам қаңқаларын тапты, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Төрт жарым мың саяси қуғын-сүргін құрбандары жерленді деген аймақтан адам қаңқалары табылды.
Ауыл тұрғыны Мұрат ауласынан бір кездері 40 жыл бұрын жұдырықтай алтын табылғанын айтады. Енді адам сүйектері шығып отыр.
Тұрғындар табылған сүйек Жансүгіровтікі болуы мүмкін деп отыр. Өйткені табылған көзілдірігі ұқсайды. Жанында былғарыдан тігілген мәсі мен тиын ақшасы болған. Тарихшылар тұрғындардың сөзі шындыққа жанасады деп отыр. Алайда оны сараптама нәтижесі анықтайды.
“ДНК сараптаманы жүргізуге болады. Өйткені ол кездегі белгілі адамдардың ұрпақтары бізде әлі бар. Тірі. Сондықтан толық анықтауға болады.  Кей жерлерде шұңқыр біткенге тастап  бетін топырақпен жаба берген. Сондықтан бұндайлар әлі де табылуы мүмкін”, – дейді “Әділет” тарихи-ағарту қоғамы төрағасының орынбасары Бейбіт Қойшыбаев.
“Біз Ілияс Жансүгіровтың көзілдірігімен салыстырсақ соған ұқсайды. Сол кісі ма, оны археолгия іздеп табатын шығар деп ойлаймын. Осы жерде біздің ақсүйек адамдар жатыр. Міне мынау оқтар жиналып қалған бір жерде. Ата берген ата берген” , – дейді тұрғын.
Саяси қуғын-сүргінге 25 мың қазақ азаматтары ұшырады, олардың 4 жарым мыңы Жаңалық ауылында жерленді. Алайда ешбірінің сүйегі анықталмаған.
Оқиға орнында құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Мұнда әлі де бірнеше адамның сүйегі жатқаны белгілі.  Оны комиссия анықтамақ.


Stan.kz
01 тамыз 2018 ж. 996 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930