Тұрғындар тірлігі көпті сүйсінтті

Тұрғындардың бұл тірлігіне қарап, басқа көшелер де осындай таза болса деп сүйсіндік. Олар апта сайын сенбілік ұйымдастырып, ауланы қоқыстан тазартып тұрады екен. Есесіне, әр үйдің ауласы мұнтаздай, көшесінен қоқыс таппайсың.
– Тазалықты отбасымызбен сүйеміз. Бүгін ғана емес, күнделікті тазалықты сақтаймыз. Алдағы уақытта көшені абаттандыру, көркейту жұмыстарын жүргізуді көздеп отырмыз. Тағы бір айта кететіні, жыл сайын Ұлыстың Ұлы күнінде көше тұрғындары мерекелік дастарқан жайып, көршілерге наурыз көже ұсынады. Сонымен бірге, көктем айында арнайы мал шалынып, әруақтарға құран бағыштауды да дәстүрге айналдырдық. Мұның барлығы көршілердің ұйымшылдығы, тазалыққа жанашырлығы деп білеміз, – дейді үлгілі көше тұрғындары.
Тазалыққа мән берген жандардың бұл ісі басқаларға да үлгі болса игі. Әрбір үй өз ауласының тазалығына мән берсе, кент келбеті одан әрі көркейе түсетіні сөзсіз.
Н.ҚАЗБЕКОВ,
М.АХМЕТОВ (сурет).
М.АХМЕТОВ (сурет).