» » » ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Ұлыстың ұлы күнін №31 мектеп-гимназиясының оқушылары да ерекше ықыласпен қарсы алды. Мерекелік іс-шараға мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар қатысты. Оқушылардың қуанышында шек жоқ. Барлығы ұлттық киімдерін киіп келіпті. Молынан жайылған мерекелік дастарқанға Наурыз көже, қымыз, шұбат, айран, құрт, бауырсақ, сондай-ақ, мектеп ұжымы дайындаған түрлі тәттілер мен бәліштер қойылған. Мектепке келген меймандар ұлттық тағамдардан тегіс ауыз тиді.
Мерекелік кеште оқушылар өзара бақ сынасып, сайысқа түсті. Олар бірнеше топқа бөлініп, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен бірге, белгілі тұлғалардың өлеңдерін оқып, тақпақтар айтты. Ұлттық ойындар жаңғыртылып, халық әндері шырқалды. Мерекелік қойылым да осы жерден көрініс тапты. Жалпы, ұлттық мерекені ұлықтаған оқушылар бір күн бойы наурыз тойын тойлап, даланы мерекелік думанға бөледі.
Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.
31 наурыз 2018 ж. 1 087 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 560

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930