» » ӘЗ-НАУРЫЗ – ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

ӘЗ-НАУРЫЗ – ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

Күн мен түннің теңеліп, жер мен көктің жаңаратын мезгілінде қазақ жұрты Ұлыстың ұлы күні – наурыз мейрамын тойлайды. Шұғыласын төккен шуақты көктеммен бірге келетін бұл мерекені мекемелер де ерекше ықыласпен қарсы алып, аудан тұрғындарына ақ дастарқанын жайды. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Бұл күні Жер-Анаға жан бітіп, тіршілік жаңарып, жасанып, салт-дәстүрлер жаңғырады. Ұлттық құндылықтар мен ерекшеліктер салтанат құрып, жұртшылық бір-бірімен көрісіп, ақ дастарқан басына жиналады. Бұл күні әр шаңырақта қазан оттан түспей, ұлттық тағамдар әзірленіп, бауырсақ пісіріліп, дастарқан аққа толып, наурыз көже дайындалады. Жалпы түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті болғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Жеті түрлі тағамнан жасап, молшылық болсын, тоқшылық әкелсін, береке-бірлік пен бақ таймасын деп ниет етеді.
Мереке қарсаңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, аудандық мәслихат аппараты, қазынашылық басқармасы және кірістер басқармасының ұйымдастыруымен аудан тұрғындарына ұлық мейрамның басты дәмі – наурыз көже таратылды. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратының алдына кең дастарқан жайылды. Көріскен жандар бір-біріне ақжарма тілегін арнап, төс қағыстырды. Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев, аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов және бірқатар азаматтар дәстүрлі дәмнен дәм татып, ұйымдастырушы мекеме қызметкерлерін және аудан тұрғындарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Жиылған жұрт тіршіліктің жанданып, күннің жылығанына, аққа ауыз тиіп, аман-есен жыл басына жеткеніне қуанып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, мерекелік көңіл-күймен тарады.


Нұр НАУАН,
М.АХМЕТОВ (сурет).
27 наурыз 2018 ж. 1 704 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30