» » ЖАҢА КҮН – ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

ЖАҢА КҮН – ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

Ұлыстың ұлы күні халық үшін қасиетті мейрам. Иә, шынында жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы шуақты көктемде аталып өтетін бұл күні табиғат жаңа түлеп, қайта туғандай күйге енеді. Ақ түйенің қарны жарылып, Самарқанның көк тасы еріген ұлы күн әр адамның жүрегіне қуаныш сыйлап, көңіліне мейірім мен жылылық ұялатады.

Биылғы әз-Наурыз мерекесі аудан көлемінде кеңінен аталып өтті. Мереке қарсаңында тұрғындар бір-бірімен көрісіп, «Амал» күнін өткізсе, аудан көлемінде «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» атты келіндер байқауы ұйымдастырылды. Мұнан бөлек, мекеме мен бөлімдерде мерекелік дастарқан жайылып, аққа толды. Ұлыстың ұлы күнін асыға күткен өңір халқы 22 наурыз күні орталық алаңда қаз-қатар бой көтеріп, сән-салтанат құрған ақ шаңқан ақ үйлерге бас сұғып, наурыз тойын тойлап, ұлттық спорттық ойындарды тамашалап, дәстүрлі көжеден дәм татты.
Бірнеше күн бойы өткен мерекелік шаралардың барлығы бір-біріне ұқсамайды. Әрқайсысы өзінше ерекшелігімен аудан жұртына мерекелік көңіл-күй сыйлап, салт-дәстүріміз бен ұлттық ерекшеліктерімізді жаңғыртты. Осындай игі шараның бірі аудандық орталық кітапханада өтті. "Салт-дəстүр – ұрпақ қазынасы" атты мерекелік кешке аудандық кітапхананың ардагерлері, аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Таңатар Доспанов, осы бөлімнің бас маманы Бибіəсия Дүсенбиева қатысып, мекеме басшысы Ұ.Меңдібаева мен қызметкерлерді жыл басы, Наурыз мейрамымен құттықтады. Шара барысында аудандық Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы Аңсаған Ділдəбекқызы күмбірлеген күймен шашу шашса, кітапхана ардагерлері мерекелік кеш көрігін әсем әнмен қыздыра түсті. Қадірлі қонақтарға ақ дастарқан жайылып, наурыз көже ұсынылып, ерекше құрмет көрсетілді. Басшылар тарапынан ақжарма тілектер мен ыстық лебіздер айтылса, ардагерлер қауымы бірлігі жарасқан ұжымның берекелі тірлігін айтысып, тарих беттерінен сыр шертті. Жолдарын жалғастырып, ізінен өкшелеп келе жатқан жастарға өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, бір уақ ақыл-кеңестерін айтып, ақ батасын берді.
Ән мен жырды арқау еткен мерекелік кеш соңында кітапхана қызметкерлері ардагерлер мен қадірменді қонақтарға сыйлықтарын табыстап, алғыстарын білдірді.
Н.АЛМАС,
М.АХМЕТОВ (сурет).


31 наурыз 2018 ж. 1 285 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930