12 жасар шымкенттік қыз Мадина Садуақасованы таңдай қақтырды
12 жасар шымкенттік қыз Мадина Садуақасованы таңдай қақтырды
12 жасында өзінің болашақ мамандығын таңдап қойған Сәбина Есенгелдиева отандық әнші Мәдина Сәдуақасованы таңғалдырды деп хабарлайды zamana.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.Сәбина таяуда Мәдина Сәдуақасованың бетін әрлеуде анасына көмектесіпті. Сәдуақасова кіп-кішкентай қыздың талантына таңғалып: "Келесіде өзің бояйтын боласың. Оған дейін әбден машықтанып ал", – деп тапсырма беріп кетіпті.
Сәбина бет бояудың (растушевка) үш түрін де меңгеріп алған. Қасты да әдемі пішінге келтіруді, безеу, басқа да кемшіліктері бар бетті білдірмей әрлеуді де мүлтіксіз жасай алады. Сондықтан келесіде Сәдуақасованың сенімін ақтаймын деп отыр.Жеткіншек салонға келетін тұтынушылардың өзіне сенім арта бермейтінін, өзі істеген жұмыстарын көрсеткеннен кейін көңілі жайланатынын айтып берді.
"Бірде мамам түскі ас ішуге сыртқа шығып кеткен еді. Сол сәтте бір әйел келіп: "Визажист бар ма? Макияж жасатуым керек еді" деп сұрады. "Келіңіз, мен бояп берейін" деген едім, шошып кетті. Маған сенбеді. Содан телефонымда сақталған жұмыстарымның суреттерін көрсеттім. Сонда ғана көңілі жайланып, маған сенім артты. Ал жұмыс біткесін алғысын жаудырып, ақысын еселеп төледі. Бұл менің өзіме деген сенімділігімді еселей түсті", – дейді Сәбина Есенгелдиева.
NUR.KZ