» » АҚШ-та сирек кездесетін көліктерді сатумен айналысқан қазақстандық қыздардың соты басталды

АҚШ-та сирек кездесетін көліктерді сатумен айналысқан қазақстандық қыздардың соты басталды

ÐÒШ-Ñа ÑиÑек кездеÑеÑÑн көлÑкÑеÑÐ´Ñ ÑаÑÑмен айналÑÑÒан ÒазаÒÑÑандÑÒ ÒÑздаÑдÑÒ£ ÑоÑÑ Ð±Ð°ÑÑалдÑ

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында сирек кездесетін көліктерді сатумен айналысқан қазақстандық қыздардың соты басталды. Соттың алғашқы отырысында оларға тағылған айып туралы мәлімденді. Ал келесі сот отырысы қазан айына белгіленген, деп хабарлайды КТК арнасы.


Шетелде қамауға алынған қазақстандық қыздар сирек кездесетін көлікті сатумен айналысқаны белгілі болды.
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, отандастарымыз қылмыстық жолмен  ақша жымқырды деп айыпталып жатыр. Оларға Қазақстанның Нью-Йорктегі бас елшілігі көмек көрсетіп жатқан көрінеді. ҚР СІМ ұсталған қыздардың жақындары және қорғаушыларымен байланыс орнатқан.
Ал шетелде қамауға алынған қазақстандық қыздардың туыстары олардың тағдыры үшін алаңдауда.
Күдікті Диора Ашированың жездесі Ильхом Маматовтың сөзінше, балдызының 3 баласы бар. Олардың үлкені 10, кішісі 3 жаста екен. Ал Диора Америкада үй күтушісі болып жұмыс істеп жүрген.
Өз сөзінде жездесі балдызына ауыр айып тағылып отырғанын айтты.
“Біз үшін оның тағдыры немқұрайлы емес. Ендігі не ойларымызды білмей отырмыз. Диораның анасымен де байланыс орната алмадық. Ол бұрынғы телефон нөмірлеріне де жауап бермейді. Балалардың жағдайы да белгісіз”, – дейді Ильхом Маматов.
Десе де аталған іске қатысты күдіктілердің бірі Елена Құдайбергенова туралы еш жерден мәлімет табылмады. Диораның әкесі мен жездесі  Еленаны танымаймыз деп отыр. Сондықтан ұсталған үш қыздың туыс болуы мүмкін деген мәлімет шындыққа жанаспауы мүмкін.
Айта кетсек, АҚШ-та ұсталған Қазақстанның екі азаматшасы қазір қамауда отыр. Ал, 1970 жылы туған әйел денсаулығына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. АҚШ-та ұсталғандардың барлығы 20-дан 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Олар келтірген залалдың мөлшері 4,5 миллион долларды құрайды. Қамауға алынған қазақстандық азаматшалардың 25 адамнан тұратын халықаралық қылмыстық топтың мүшелері болғаны белгілі болды. Олар сирек кездесетін көліктерді сатумен айналысқан болып шықты.


Stan.kz 


10 тамыз 2018 ж. 720 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 680

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031