5 облыс талапкерлері «Серпін» грантымен Ақтөбе жоғары оқу орындарына түсті
Аталған облыстардан 134 абитуриент Ақтөбе облысында оқиды, оларға стипендия, жатақхана беріледі, оқуы біткен соң Ақтөбе облысында жұмысқа орналасады.
ERNUR.KZ
Қазақстанның бес облысынан 100-ден астам талапкер «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында Ақтөбедегі жоғары оқу орындарына қабылданды, деп жазады ҚазАқпарат.
Өңірлік коммуникациялар орталығында Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университет проректоры Бибігүл Әбенованың айтуынша, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Маңғыстау облыстарының жастары «Серпін» жобасына қатысып отыр. Аталған облыстардан 134 абитуриент Ақтөбе облысында оқиды, оларға стипендия, жатақхана беріледі, оқуы біткен соң Ақтөбе облысында жұмысқа орналасады. «Былтыр оқуды бітірген жастардың барлығы жұмысбасты болды, тек 10 қыз жас баласы болғандықтан, өздері қалаған жерге жұмысқа тұру туралы шешім қабылдады. Біз олардың барлығын өңірде жұмыспен қамтуға міндеттіміз, осы бағытта көп жұмыс атқарылды», - дейді проректор.
Университет өкілі былтыр да осы жоба бойынша 134 студент оқығанын жеткізді. Олар педагогика саласының 14 бағыты бойынша білім алған, ал биыл педагогикалық мамандықтардан тыс, техникалық мамандықтар да қолжетімді.
ERNUR.KZ
Пікір 1