» » Ең қауіпті смартфондар белгілі болды

Ең қауіпті смартфондар белгілі болды


Ең қауіпті смартфондар белгілі болды
Kryptowire қауіпсіздік жөніндегі сарапшылар бірқатар танымал Android-смартфондарының бағдарламалық жасақтамасы мен қосымшаларында 47 осал тұсты анықтаған, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі Today.kz порталына сілтеме жасап
Мамандардың айтуынша, жүйедегі ақаулар құрылғының 25 үлгісінде анықталған.
Олардың бірқатары теріс пиғылдылардың девайстарға root-қолжетімділік алуына мүмкіндік беретін ақауларға алып келеді. Ал ең қауіпті қателер хакерлерге қауіпсіздігі бұзылған телефоннан хабарламалар жолдауға, экран арқылы фото және видео түсіруге, телефон нөмірлерін көшіруге және кез келген бағдарламаларды байқатпай орнатуға мүмкіндік береді.
Мұндай ақаулар Vivo, SKY, Plum, Orbic, Oppo, MXQ, Leagoo, Doogee және Coolpad компанияларының арзан құрылғыларында анықталған. Сонымен қатар, сарапшылар LG G6, Sony Xperia L1, Nokia 6 және ASUS ZenFone 3 Max секілді танымал андроидтардан да қауіпті қателер тапқан.
«Нарықта ұялы телефондардың жүздеген үлгісі бар және бағдарламалық жасақтаманың мыңдаған нұсқасы кездеседі. Сондықтан, қолмен жасалған ешқандай тестілеу мен бағалаулар телефонда алдын ала орнатылған қосымшалар мен жасақтамалардағы олқылықты түзетуге анықтау бойынша проблеманы шеше алмайды», - деді Kryptowire бас директоры Ангелос Ставру.

baq.kz


13 тамыз 2018 ж. 630 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 628

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031