» » Жүрек ауруына арналған қытайлық дәрілер адам өміріне аса қауіпті болып шықты

Жүрек ауруына арналған қытайлық дәрілер адам өміріне аса қауіпті болып шықты

Фото: azh.kz

Жүрек ауруына арналған қытайлық дәрілер адам өміріне аса қауіпті болып шықты

Артериялық гипертензия мен созылмалы жүрек жетіспеушілігі кезінде қабылдайтын қытайлық валсартан дәрілік препараты адам өміріне қауіпті болып шықты. Бұл туралы брифингте Атырау облыстық штаттан тыс кардиолог Жанара Оралбекова мәлімдеді деп хабарлайды azh.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі Қытайда шығарылатын бұл дәрінің құрамынан қауіпті канцероген қоспасын тапқан.
Саудада "вазар" атымен танылған препаратты қабылдаған адам жағымсыз әсерін байқаған жағдайда міндетті түрде дәрігерге көрінуі қажет екен.
Атырау облыстық фармация департаментінің басшысы Сара Уразованың айтуынша, Атырау облысында жыл басынан бері бұл дәрінің 3785 данасы сатылған.
Оның ішіндегі 2859 данасы 625 адамға тегін таратылыпты.
Алайда осы уақытқа дейін ешқандай шағым түспеген екен.
Спикерлер вазар препаратының қалдықтарын тегін берген дәріханаларға немесе медициналық ұйымдарға қайтарып беруді ұсынды.


NUR.KZ.

06 тамыз 2018 ж. 659 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930