» » Түркістан облысында «Африка жайыны» өсіріліп жатыр

Түркістан облысында «Африка жайыны» өсіріліп жатыр


Түркістан облысы, Шардара ауданында балықтың жаңа түрін өсіру қолға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Соңғы кездері балық өсірумен айналысушы кәсіпкерлер балықтарды өзара будандастыра отырып, жаңа тұқым шығаруды қолға алып отыр. Ұзыната ауылында балық өсірумен шұғылданып жүрген Нұрболат Серманизов есімді жеке кәсіпкер жылыжай ішінен бассейн жасап, «Африка жайыны» деп аталатын балық тұқымын өсіруде. «Африка жайыны» – кәдімгі жайын мен жыланбалықтың будандастырылуынан шыққан тұқым.




Жылдың басында Өзбекстаннан он мың дана шабақ әкеліп өсіріп отырған кәсіпкер бұл жоба биылға тек тәжірибе ретінде қолға алынып отырғанын айтады. Дегенмен, бұл тұқымның өсімтал және қораң екендігін ескерсек алдағы таяу уақытта «Африка жайынын» дастарқаныңыздан көріп қалуыңыз ғажап емес. Айтьа кетейік, қазіргі таңда Шардара ауданының негізгі бренді – балығы болып отыр. Мұнда ежелден балық шаруашылығын дамыту жақсы қолға алынған.

Қала орталығындағы су қоймасы мен ауданды кесіп өтетін Сырдария өзені бұл жұмыстарды жандандыруға мол мүмкіндік береді. Қазіргі таңда аудан бойынша 4 балық зауыты жұмыс істеп тұр.


ERNUR.KZ


16 тамыз 2018 ж. 1 535 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 575

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031