» » Зорлық-зомбылық көбейіп кетті. Онымен қалай күресу керек?

Зорлық-зомбылық көбейіп кетті. Онымен қалай күресу керек?

https://baq.kz/storage/69/69c354bdcd2884e82b0b3054240910ec_crop_l_2_t_6_w_640_h_360_resize_w_520_h_.jpg

Бүгінгі таңда біз атыс-шабыс пен пышақтап кету секілді зорлық белгілері бар қылмыстар туралы жиі істеп жатырмыз. Бірақ мұндай оқиғалар біз ойлағаннан да көп. Тіпті, зорлық-зомбылықты инфекциялы ауруға теңеуге болады. Дегенмен, оны «емдеудің» тиімді жолдары бар ма?, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі The Іndependent басылымына сілтеме жасап.

Бір айта кетерлігі, зорлық-зомбылық белгілері бар қылмыстардан адам өлмесе де, одан келетін зиян өте көп. Глазгодағы хирург Кристин Гудоллдың айтуынша, ол өз тәжірибесінде 2000 жылдан бері бет, бас, мойындағы пышақ жарақаттарының қаншасын емдегенінің санынан да жаңылған. Кейде емделушілер бейбол таяғымен ұрғандықтан сүйектерін сындырып келген. «Кей кездері зорлық элементтері бар қылмыстардан алған жарақат автокөлік апатынан алатын жарақаттан артық болмаса, кем түспейді», дейді дәрігер. Оның айтуынша, көп жағдайда жарақат пышақтан болған.

«Бір күні түнде бетінде пышақ тұрған жігіт келді. Емделушіге пышақты алған соң, орнында қалатын тыртықты емдеудің мүмкін болмайтынын айту маған қиынға соқты. Бірақ менің сөздеріме ол қатты таңғалмады. Кейін оған достары ауруханаға келгенде олардың беттерінде де тыртық бар екенін көрген соң барып мен бәрін түсінгендей болдым. Ол бұлардың қатарына енді қабылданған екен деп ойладым. Бірақ қазіргі таңда қаладағы жағдайдың мәз емес екенін де көрдім», дейді Гудолл.

2005 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Шотландияны әлемдегі ең қатыгез дамыған мемлекет ретінде таныған баяндаманы жариялаған болатын. Сол жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген зерттеу нәтижесінде 21 еуропалық қалалардың ішінде қылмыс саны бойынша Глазго Еуропаның «адам өлтірудің астанасы» деп танылған еді. Баяндамада бұл қалада бір жылда мыңнан астам адам дене жарақатын емдететінін, оның көбі зорлық-зомбылық кесірінен болатыны айтылған.

Гудолл атты дәрігер Глазго қаласында өмірінің көп бөлігін осындай жарақаттарды емдеуге арнады. Дегенмен, емделушілер ауруханадан шыққан соң да олардың проблемалары таусылмады. Оның ішінде көбінің созылмалы аруы асқынып, травмадан кейінгі стресске шалдыққан. Сонымен қатар оның емделушілерінің көбі қайта жарақат алып, дәрігердің алдына бірнеше мәрте келген.

«Біз олардың жараларын жақсы емдеп жүрдік. Бірақ жағдай қайталана берген соң мен не істеуге болады деп ойлана бастадым», дейді ол.

Адамдардың өмір сүру салты дұрыс болмаса, соның кесірінен денсаулығына қатысты проблемалар пайда болып жатса, дәрігерлер оларға ескерту айтып, олардың тәртібін өзгертуге тырысатыны белгілі. Дегенмен, зорлық-зомбылық мәселесіне келгенде жағдай мүлдем басқаша. Қылмыстық істерді қарастыратын сот жүйесінде мұндай мәселелерді шешудің өз жолы бар. Дегенмен, олар аталған қылмыстар проблемасын шешуге тиімді әсер ете алмайтыны ақиқат. Сонда құқық қорғау жүйесінің тактикасы дұрыс болмағаны ма?

«Зорлық-зомбылықты азайту тобы» (VRU) деген не?

2005 жылы Стартклайд полициясының бас сарапшысы Карин Маккласки полицияның дәстүрлі қызметі зорлық-зомбылық пен қылмысты азайтуға еш әсер ете алмайтынын айтып, есеп жариялаған болатын. Бұл жерде ол сондай-ақ өзінің ұсыныстарын айтып, тізім жасап шыққан.
Маккласкидің командасы бұл жұмысқа кіріспес бұрын алдымен Джон Карноч атты әріптесімен зорлық әрекеттер туралы дәлелдер жинай бастаған. Олардың айтуынша, ол кездері Шотландияда кедейлік, теңсіздік, алкоголь өнімдерін тұтыну секілді мәселелер полиция қызметінің құзыретіне кірмеген.
Мәліметтерді жинап болған соң олар зорлық-зомбылықты азайтуға бағытталған жаңа бағдарламаларды іздестіре бастаған. Бүгінгі таңда Линден басқаратын «Зорлық-зомбылықты азайту тобының» (VRU) жұмысына осы бағдарламалар негіз болған. Яғни, бірнеше бағдарламалардың элементтерін біріктіріп сарапшылар шотландиялық агенттіктермен байланысқа шыққан. Оның ішінде денсаулық сақтау, тәуелділіктен қорғау, жұмыспен қамту орталығы мен басқа да ұйымдар бар. басқаратын «Зорлық-зомбылықты азайту тобы» 2005 жылы іске кіріскен. Бір айта кетерлігі, сол кезде Глазгода адам өлтіру 60 пайызға азайған. Гудаллдың айтуынша, жарақат алған емделушілердің ауруханалардағы көрсеткіші де екі есе қысқарып, жылына 500 адамға жеткен.
VRU стратегиясы зорлық-зомбылықты азайтудың «қоғамдық» жолы ретінде қарастырылады. Бұл ой мектебіне ұқсайды. Себебі жарақат адамның тек денсаулығына зиян келтірмейді, сонымен қатар психологиялық жарақа пен физикалық жарақат эпидемия секілді адамнан адамға беріліп отырады. Біреудің зорлыққа баратынына біреудің құрбан болатыны негіз болады. Яғни, адамдар арасында зорлық-зомбылықтың тарай беретініне бір өңірлерде пышақ жарақатының, бір жерлерде әлеуметтік проблемалар кесірінен төбелестердің көп болатыны дәлел бола алады.

«Зорлық-зомбылық адамзат өмірінде үнемі бар және болады да. Бірақ әлем оны адамның ажырамас бөлшегі ретінде қарастырмағаны жөн», дейді Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері. Ұйымның баяндамасында зорлық-зомбыылықты тоқтатуға болатыны, ал оның әсерін азайту мүмкін екені айтылған. «Қоғамдық денсаулық сақтау саласында зорлықтың болмауы жүктілік кезіндегі проблемаларды, жұмыс орнындағы жарақаттарды, әлемнің түкпір-түкпірінде су мен азық-түліктің таза болмауынан туындайтын инфекциялық ауруларды азайтуға септігін тигізе алады. Зорлыққа әкелетін кез келген әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени факторды өзгертуге болады», дейді БДҰ.

VRU зерттеу жүргізіп, зорлық-зомбылықты денаулыққа тікелей кері әсер ететін фактор ретінде қарастыру барысында Чикаго тәжірибесіне жүгінген. Сонымен, Глазго бұл мәселені қалай шешті?

Эпидемия мен зорлық-зомбылықтың қандай байланысы бар?

1980-1990 жылдары америкалық эпидемиолог Гари Слуткин тағы бес дәрігермен бірге Сомалиге барып, миллионнан астам адам тұратын өңірде босқындардың 40 лагерінде жұмыс істеген. Ол туберкулез бен холераның таралу мәселесімен айналысқан.

Инфекциялық аурулар туралы зерттеулер көп жағдайда мәліметтерге байланысты болады. Біріншіден, қоғамдық денсаулық сақтау саласына жауапты шенеуніктер аурудың қай жерлерде көп кездесетінін анықтаған. Одан кейін осы өңірлерде ауруды одан әрі таратпау мәселесіне басымдық берген. Көп жағдайда бұл жүйелі тәртіп енгізу арқылы емес, адамдардың тәртібі мен өмір сүру салтын өзгерту арқылы жүзеге асырыла бастаған. Мысалы, диарея ауруы белгілі бір деңгейде санитария мен су құбыры жүйелерінің нашарлығынан пайда болады. Ал бұл жүйелерді жақсарту үшін көп уақыт қажет етіледі. Дегенмен, сол арқылы құтқаруға болатын адам саны да арта беретіні анық.

Слуткин босқындар лагеріндегі жағдайды бақылап отырған кезде де осы жағдайға куә болған. Яғни, инфекциялық аурудың неден туындағанына қарамастан, олармен күресуге таңдалған жол бірдей еді. Мұның себебі неде? Себебі, адамдардың өмір салтын өзгерту тиімдірек әрі көбіне ақпарат берумен шектелетін әрекеттер: көп жағдайда лас суды тұтынбаңыздар деген секілді хабарламалар маңыздырақ көрінеді.

Оннан астам жыл өткен соң Слуткин шетелде жұмыс істеуін тоқтатып, саяхат пен адам өлімімен бетпе-ет келуден шаршаған күйі 1990 жылдары Чикагоға қайтып барады. «Мен барлық эпидемиялардан демалғым келді», дейді ол.

Слуткин Америкада да проблема бар екенін ойламаса керек, себебі көп жылдар бойы ол дамымаған мемлекеттердегі эпидемия мәселесімен күресіп келді. Ал еліне оралған соң Слуткин адам өлтіру көрсеткішінің тым жылдам артып жатқанына куә болды.
Бұл проблеманы шешуге байланысты оның идеялары басында жай жоба ретінде бастау алды. Ол шетелде жасаған графикаларын жинап, Чикагодағы мәліметтерді де енгізді. «Бұл жағдайда да эпидемиялық сипат бар. Негізінен, бір оқиғадан екінші оқиға туындайды. Мысалы, сыық тию сық тиіп ауруды арттырады, сол секілді зорлық зорлықты көбейтеді», дейді ол.

Бұл сол кездері қалыптасқан жағдай шеңберінен тыс ойлау жүйесі еді. «Бұл идеяның дұрыыс емес тұсы – біз адамдардың көбін жаман деп ойлаймыз. Оларды ұстап алып, жазалаймыз. Бұл дұрыс түсінік емес. Адамның іс-әрекеті моделдеу мен көшіру арқылы қалыптасады», дейді Слуткин.
Содан кейін бірнеше жыл ішінде ол ВИЧ, туберкулез бен холерамен күресу үшін Бүкіләлемдік денсалық сақтау ұйымы қолданатын жобаны зорлық-зомбылыққа қарсы қолдану үшін тәжірибе жүргізіп көру мақсатында қаржы жинай бастады. Оның жобасы үш негізгі сатыдан тұрады: проблеманы таратпау; болашақта оның таралуына жол бермеу; топтық нормаларды өзгерту. 2000 жылы бұл жоба Чикагоның Батыс Гарфилд ауданында іске қосылды. Жоба жұмыс істеген алғашқы жылы адам өлтіру көрсеткіші 67 пайызға кеміді. Сонымен қатар қаржыландыру да артып, кейін басқа аудандарға пилотты жоба енгізіле бастады. Жоба енгізілген жерлердің барлығында адам өлтіру көрсеткіші ең кем дегенде 40 пайызға азайып отырды. Сондықтан да болар, жобаға басқа да қалалар қызығушылық таныта бастады.

Әрине, Чикагодағы проблемалардың көпшілігі терең құрылымдық факторлар кесірінен болған. Оның ішінде кедейлік, жұмыс орындарының жоқтығы, расизм секілді факторлар бар. Бірақ Слуткин индивидтер мен жеке топтық нормалардың өзгеруі адам өмірін құтқара алатынына сенім білдірді.
Бүгінгі таңда Чикаго Университетінің қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінде Slutkin Cure Violence ұйымы құрылған. Ондағы дәліздердің бірінде «Атпа!» деп тұрған баланың суреті ілініп тұр. Бұл ұйым бүгінде Чикагоның 13 кварталында жұмыс істейді. Сонымен қатар Нью-Йорк, Балтимор, Лос-Анджелес пен тағы бірнеше мемлекетте бағдарлама жүргізіп келеді. Ұйым жергілікті мекемелерге белгілі бір жұмыстарды атқаруды үйретіп, бағдарламамен таныстырады.

Зорлық-зомбылық туралы статистикалық мәліметтерді қолдануға байланысты дау-дамайдың көптігіне қарамастан, бұл әдістің жалпы тиімділігін көптеген академиялық зерттеулер де дәлелдеп үлгерді.
2009 жылы Солтүстік-батыс университеті жүргізген зерттеуде аталған бағдарлама енгізілген аудандардың барлығында зорлық-зомбылық көрсеткіші азайған. 2012 жылы Джон Хопкинстің қоғамдық денсаулық сақтау мектебі де Балтимордың төрт ауданында осы бағдарламаны енгізіп, атыс-шабыс пен адам өлтір көрсеткішінің төрт есе кемігеніне куә болған. Ал Гондураста 2014 жылы қаңтар-мамыр айлары аралығында 98 атыс болса, бағдарлама енгізілгеннен кейін бір жылдан соң, яғни, 2015 жылы осы уақыт аралығында 12 атыс тіркелген.

Ұйым қалай жұмыс істейді?

Деметриус Коул 43 жаста. Ол 12 жыл түрмеде отырған. Чикагоның зорлық-зомбылық жиі болатын ауданында өскен ол 15 жасында атыстан досының қайтыс болғанына куә болған. Тұрақты тұрмыстық жағдайы бар отбасында болғандықтан, қаншалықты мұндай өмірден өзін алыс ұстағысы келсе де, ол 19 жасында түрмеге түсті.

Коул 2017 жылдың қазан айынан бастап Батыс Энглвудтегі Cure Violence ұйымында жұмыс істейді. Ол бұрын өзі тап болған жағдайдағы адамдарды іздеп, оларды тоқтатуға тырысады. «Біз оларға бұл тығырық екенін көрсетуге тырысамыз. Мен оларға тек екі жол бар екенін айтамын. Не сен түрмеге түсесің, не түбінде өлесің деп айтамын», дейді ол.

Коул зорлық-зомбылық әркеттерін үзуші ретінде жұмыс істейді. Яғни, адамдарды зорлыққа жоламауға үгіттеп, ондай жағдайдың алдын алуға тырысады. «Менің міндетім – зорлықтың тарап кетпеуін қадағалау. Адамдарды тоқтату. Оларға басқа қырынан ойлау керектігін, басқа өмір бар екенін көрсету», дейді Коул. Оның айтуынша, әріптестерімен олар түрлі әдістерді қолданады. Олардың көбі когнитивті мінез-құлықтық терапиядан алынған. «Адамдар барлығын ақылмен түсіндіруге болады деп ойлайды. Жоқ. Сезім бар», дейді ол.

Коул секілді басқа да қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуі сенімге байланысты. Оның әріптестерінің көбі түрмеде отырып шыққандықтан, өз тәжірибелеріне сүйене отырып басқалармен жұмыс істей алады. Тіпті, атыс болған жағдайда, олар қарсы тарапқа жауап берудің қажеті жоқ екенін айтып көндіре де алады. Яғни, кейде бейбіт жағдайдың туындауына да әсер етуге тырысады.
Бір айта кетерлігі, ұйым жаңа орында ашылатын кезде міндетті түрде сол жерге бейімделеді. Жаңа орындағы жағдай зерттеліп, ақпарат жиналады. Одан кейін сол жерден жақсы қызметкерлер таңдалады. «Жергілікті жерде сенімді жұмыс істей алатын адам іздейміз. Олар көшеде кезекшілік атқарса да, зорлықтың таралмауына атсалысатын болады.», дейді ұйым мамандары. Олардың айтуынша, әр өңірде 11 адам жұмыс істеп, жұмыс уақытының сегіз сағатының алтауын олар аудандарды аралаумен өткізеді. Олар қылмыс пен зорлық-зомбылыққа деген көзқарасты өзгертіп, жұмыспен қамту, білім беру секілді мәселелерде кеңес береді.
Слуткиннің айтуынша, бұл үлгі аз шығынмен, көп адамды қамауға алып асыраудың алдын алу арқылы тиімді жұмыс істей алады. Бірақ қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін көп жұмыс күші қажет етіледі.

«Кеннеди моделінің» қандай ерекшелігі бар?

2005 жылы VRU құрылған кезде Стартклайд полициясының Карин Маккласки мен Джон Карночан атты қызметкерлері Глазгодағы зорлық-зомбылықпен күрестің жолдарын істестіре бастады. Ойлана келе олар 1990 жылдары Бостонда іске қосылған Кеннеди моделіне тоқталды. Оған сәйкес түрлі банда өкілдерін жинап, оларға талап қойылған: зорлық-зомбылықтан бас тартыып, білім алу немесе жұмысқа тұру; не болмаса қатаң санкцияларға төтеп беру. Екінші талап бойынша дәстүрлі қылмыстық шараларды қатаңдату көзделді. Мысалы, пышақты сақтағаны үшін жазаны күшейту, т.с.с.

VRU директоры Уилл Линденнің айтуынша, бұл саяси тұрғыда да қажет әдіс.

«Бұл жұмысқа кіріспес бұрын біз полицияның барынша жұмыс істеп жатқанын көрсету керек болдық. Бірақ бұл үнемі мүмкін бола бермеді. Басында жұмыс қатал полиция мен профилактикалық жұмыс арасында бөлініп отырды. Бірақ қазір қаржыландыру мен басымдықтың тоқсан пайызы профилактикаға беріліп отыр», дейді ол.

VRU полициямен Шотландия үкіметінің қолдауымен жұмыс істеп отыр. Тағы бір айта кетерлігі, Шотландия қоғамдық денсаулық сақтау моделін ресми түрде қабылдаған әлемдегі жалғыз полиция күшіне иелік етеді. Ал Чикагода бұл құрылым университет, Нью-Йорк пен Балтиморда қаланың денсаулық сақтау департаменттері арқылы жүзеге асырылады.

Тағы қай жерлерде зорлық-зомбылықпен күрес бағдарламасы керек?

Зорлық-зомбылықпен күресті қоғамдық денсаулық сақтау саласымен байланыстыратын бағдарлама тағы қай жерлерде қажет етіледі? Бұл сұраққа біз Лондон деп жауап берер едік. Себебі Лондонда 2017 жылы кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы пышақ қолданылған қылмыс саны бес жылдық максимумға жеткен. Соңғы кездері Лондон полициясыныың комиссарлары Крессида Дик пен и мэр Садик-хан аталған мәселені қоғамдық денсаулық сақтау мәселесі арқылы шешуге шақырып жүр.
Әрине, бұл әдіс әлемнің түкпір-түкпірінде бір-біріне ұқсамауы мүмкін. Бірақ оларды адамдарды өзгертуге болатыны туралы идея біріктіреді.
Бүгінгі таңда Лондонда дабелгілі бір деңгейде қоғамдық денсаулық сақтау идеясына сай келетін жобалар қолға алынған. Олардың бірі − мектептермен жұмыс істейтін Growth Against Violence ұйымы. Бірақ бұл жобалардың қаржыландырылуы төмен.

Ағылшын тілінен аударған Алтынай Қуанышбек

Baq.kz




20 тамыз 2018 ж. 1 134 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031