» » Алматыда ер адам жер асты өткелінің енді ғана жөнделген қабырғасын бүлдіріп, камераға түсіп қалды (видео)

Алматыда ер адам жер асты өткелінің енді ғана жөнделген қабырғасын бүлдіріп, камераға түсіп қалды (видео)

ÐлмаÑÑда ÐµÑ Ð°Ð´Ð°Ð¼ Ð¶ÐµÑ Ð°ÑÑÑ Ó©ÑкелÑнÑÒ£ ÐµÐ½Ð´Ñ Òана жөнделген ÒабÑÑÒаÑÑн бүлдÑÑÑп, камеÑаÒа ÑÒ¯ÑÑп ÒÐ°Ð»Ð´Ñ (видео)

Алматыда жер асты өткелінің қабырғасын бояп тастаған ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

18 тамызда ер адам бұзақылық ниетпен Райымбек даңғылындағы жөндеуден өткен жер асты өткелінің қабырғасын бүлдіріп, бояп тастаған.
«Оқиғадан бірнеше сағат бұрын суретшілер жер асты аумағының әрлеу бойынша жұмыстарды аяқтаған. Олар әрлеу жұмысына бірнеше күн жұмсады. Тіпті, бояуы кеуіп те үлгермеген», – дейді ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ведомство өкілінің мәліметінше, бұзақылық жасаған ер адамның әрекеті жер асты өткелінде орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалыпты.
«Бізде оның түрі анық түскен суреттері бар. Сондықтан іздеп-табу қиындық тудырмайды. Ол ұсақ бұзақылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады», – дейді Салтанат Әзірбек.



Өз кезегінде Салтанат Әзірбек мұндай кез-келген заң бұзушылық әрекет жасағандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Stan.kz 



21 тамыз 2018 ж. 1 003 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930