Денис Теннің өлімінен соң 13 полицей жазаланды
Денис Теннің 19 шілде күнгі қазасынан соң Алматыда 13 полиция қызметкері жазаланды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Алматыда криминалды полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин бастаған орталық аппаратының қызметкерлері мен өзіндік қауіпсіздік қызметі тексеріс жүргізді. Арманбек Баймурзиннің айтуынша, тексеіс барысында қоғамдық тәртіп сақтау қызметінен кемшіліктер табылды.ҚР ІІМ орынбасары Жанат Сүлейменовтің айтуынша, осы себепті 13 полиция қызметкері жазаланды, олардың ішінде басшылық қызметтегілер де бар. Одан өзге қалалық жергілікті полиция бастығы Ж.Байкенов пен Алмалы аудандық полиция бастығы С. Кумабеков орнынан алынды.
ІІД мен аудандық ІІБ-да Денистің өліміне қатысты мүліктік қылмыстар мен есепте тұрған адамдарды анықтау үшін тергеушілерден құралған тергеу тобы құрылды.
Естеріңізде болса, бұған дейін Денистің анасы Оксана Тен қайғылы оқиға орын алған жерге ұлына арнап ескерткіш орнату туралы жоспарларымен бөліскен болатын. Бұдан басқа, спортшының анасы қала әкімдігінің әйгілі спортшы тұрған үйге мемориалдық тақта орнатуға және Денис туралы кітап шығаруға көмек көрсетуге уәде бергені туралы айтып өтті.
Источник: Stan.kz