» » Студенттерді жатақханамен қамтимыз

Студенттерді жатақханамен қамтимыз


Астана қаласының əкімі Əсет Исекешев тамыз кеңесінде елордалық студенттер жатақхана не хостелмен барынша қамтылатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Колледж студенттерін білім алу барысында баспанамен қамтамасыз ету үшін біз арнайы ғимараттарға конкурс өткіздік. Нәтижесінде 400 орынды таңдадық. Ал 600 орынды іріктеуге арналған конкурс оқу жылының басына дейін аяқталады. Осылайша, жатақханалар мен хостелдерге 3,5 мыңнан астам студент орналасады. Яғни, сервистік жоба есебінен біз биылғы жылы колледж студенттеріне қосымша 1 мың орын береміз", - деді Исекешев.

Қала басшысы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жатақхана мəселесіне үлкен басымдық бергенін айтты.
"Жатақхана жастардың сапалы білім алуы үшін аса қажет. Бұл біздің студенттердің оқудан көңілінен бөлмей, пəтерден пəтерге көшпей, қолайлы жағдайда өмір сүруі үшін керек. Бұл аса маңызды мəселе", - деді Əсет Исекешев.

Қала əкімі Астанадағы жоғары оқу орындарына да жатақхана салу бойынша жұмыстардың атқарылып жатқанын айтты.


Baq.kz
23 тамыз 2018 ж. 597 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 036

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30