Алматы театрында Денис Теннің рухына арналған қойылым сахналанады
ARTiShOK театры өздерінің 18-ші маусымға арналған жоспарларын жариялап, алдағы жұмыстары туралы айтты. Жаңа театр маусымына жоспарланған қойылымдардың ішінде Алматыда осы жазда қайғылы жағдайда қайтыс болған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған арнайы жоба бар, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.
ARTiSHOK театрының 18-ші театрлық маусымы ресми түрде 20-21 қазанға жоспарланған «Гамлет» спектаклімен ашылады. Қойылым режиссері Галина Пьянова болса, ташкенттік суретші Александр Барковский мен ARTiShOK-тың бас суретші Антон Балкунов қойылымға жауап берді.ARTiSHOK теартындағы «Гамлет» спектаклінің тұсаукесеріне дейін Денис Теннің рухына арналған арнайы жоба көрсетіледі. Қойылым бұқаралық ақпарат құралдарында және қазақстандықтардың әлеуметтік желілерде жариялаған жазбалары негізінде құрылады. Сол жазбалар желісі бойынша театр әртістері мәтіндерді әдеби материал ретінде оқиды. Ал, соның негізінге құрастырылған қойылым театрдың алдағы маусымға арналған репертуарының бір бөлігі болады.
Stan.kz