130-ға жуық пышақпен емделмек болған қарағандылық зейнеткер елді шошытты
Қарағандыда аяғын емдемек болып жерге 127 пышақ тыққан зейнеткер "ұсақ бұзақылық" бабымен жауапкершілікке тартылды. 68 жастағы қария заңсыз әрекеті үшін мемлекетке сегіз жарым мың теңге айыппұл төлейтін болған деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ауруы жанына батқан қария емделудің түрлі жолын іздеген. Нәтижесінде зейнеткер медициналық жинақтан сауықтыру әдісін оқып, оны іске асырмақ болды.
Сот ауырған аяғын тың әдіспен емдеймін деп, басы бәлеге қалған қарияға 8412 теңге көлемінде айыппұл мөлшерін бекіткен. Сот алқасы жасына қарап, зейнеткерді әкімшілік жауапкершілікке тартуды ұйғарды.
Тәртіп сақшылары жерге тығылған пышақтардың иесін бірнеше апта іздеген.
Оқиғаға қатысты облыстық соттың баспасөз хатшысы мәлімдеме жасады.
"68 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны қатысты 434- баптың 1- тармағы бойынша әкімшілік іс қаралды. Ол қоғамдық орындарын ластау болып табылады. Тамыздың 4 күні ол әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылды", - деп хабарлады Гүлбаршын Жітікова.
nur.kz
Пікір 2