» » БЕСАРЫҚ АУЫЛЫНДА ЖАҢА КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

БЕСАРЫҚ АУЫЛЫНДА ЖАҢА КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылында жаңа көпір пайдалануға берілді.

"Жаңадария" каналының ауылға кіреберіс тұсынан ашылған автокөлік көпірінің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Жаңа көпірдің елді мекен әлеуетін арттыруға зор үлес қосуына тілектестігін білдірген облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов Бесарық ауылының даму қарқыны жоғары екенін атап өтті.
- Сырдария ауданында соңғы бес жылда жасампаз жұмыстар атқарылды. Аймақ басшысының қолдауымен аудан орталығы мен барлық елді мекендерде жаңадан әлеуметтік нысандар бой көтерді. Биыл 90 жылдық мерейтойын атап өткен сырдариялықтар үшін бүгін ерекше күн. Көпірдің ашылуымен Бесарық ауылының тұрғындарын шын жүректен құттықтаймын,- деді облыс әкімінің орынбасары.
Ал, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев елордалықтардың сәлемін жеткізіп, аудан жұртшылығына еңбекте табыс тіледі.
Жаңа көпірдің ашылу салтанатында еңбек ардагерлері сөз сөйлеп, ауыл халқының атынан алғыс айтып, ақ баталарын берді.
Көпірдің лентасы қиылғаннан кейін ауылшаруашылық өнімдері тиелген жүк көліктері жаңа көпір үстімен жүріп өтті.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
10 қыркүйек 2018 ж. 855 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 660

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30